ШҚО-да соғыс ардагері Құрмат Рахимов өмірден озды

— Ұлы Отан соғысының ардагері Құрмат Рахимовтың дүниеден озғаны туралы қаралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Бұл мұқым жұрт үшін орны толмас ауыр қаза. Тарихымыздың бір кезеңін арқалаған жеңімпаз буынның қатары сиреп барады. Осы қиын сәтте Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары мен өз атымнан марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын, — деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Сондай-ақ өңір басшысы Құрмат Рахимовтың ғибратты ғұмыры — ерлік пен Отанға адал қызмет етудің, биік азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісі екенін атап өтті. Сұрапыл соғыс жылдарында ол ел қорғауға аттанып, майдан даласында ерлік көрсетіп, табандылық пен қайсарлық танытты. Бейбіт өмірде де өз борышына адал болып, ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп, саналы ғұмырын халық пен мемлекетке қызмет етуге арнады.

Оның қоғамдық-саяси саладағы және құқық қорғау органдарындағы көпжылдық еңбегі талай буын үшін өмір мектебіне айналды. Ол ұстанымы берік, парасатты, жүрегі кең тұлға еді. Әр сөзі салмақты, әр ісі мәнді болды. Мұндай жандар елге рухани бағдар беріп, артында өшпес із қалдырады.

— Құрмат Рахимовтың өмірден озуымен біз тұтас бір дәуірден айырылып отырмыз. Оның жарқын бейнесі, болаттай беріктігі мен Отанға деген адалдығы халық жадында мәңгі сақталады. Отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, сабыр мен төзім тілеймін. Марқұмның алды пейіш, арты кеніш, иманы саламат болсын, — деді аймақ басшысы.

Новые статьи

В ВКО обсудили подготовку кадров для реальной экономики

В Усть-Каменогорске обсудили, как колледжам ВКО готовить специалистов с учетом реальных потребностей экономики региона. На августовском совещании педагогов организаций технического и профессионального образования участники...

Пять школьников из Алматы представят Казахстан на чемпионате FIRST Global Challenge 2026

Пять школьников из Алматы получили право представить Казахстан на мировом чемпионате по робототехнике FIRST Global Challenge 2026. Путевку на международные соревнования они завоевали по...

Усть-Каменогорск на один вечер вернулся в атмосферу 80-х и 90-х

В Усть-Каменогорске проходит традиционная ретро-вечеринка, посвященная Дню города. На один вечер областной центр погрузился в атмосферу 80–90-х годов – с хитами прошлых лет, яркими...

Өскемендегі Согра ЖЭО-ның жылыту маусымына дайындығы 81,3 пайызға жетті

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Өскемендегі Согра жылу электр орталығына барып, оның алдағы жылыту маусымына дайындығын тексерді. Биылғы жөндеу науқаны бекітілген кестеге сәйкес...