ШҚО-да 23 инвестициялық жоба пайдалануға беріліп, 1 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде аймақ басшысының орынбасары Бақытжан Байахметовтың төрағалығымен Өңірлік инвестициялық штаб отырысы өтті. Жиында жобаларды келісу және іске асыру кезеңінде туындайтын мәселелер талқыланды.

ШҚО туризм басқармасының мәліметіне сүйенсек, ұлттық цифрлық инвестициялық платформада жалпы құны 10,5 мың жұмыс орнын ашуды көздейтін 101 инвестициялық жоба тіркелген. Оның ішінде 23 жоба пайдалануға беріліп, нәтижесінде 1064 жаңа жұмыс орны құрылды.

«Биыл жалпы құны 313,4 млрд теңгені құрайтын, 1600 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 19 жоба жан-жақты пысықталып, Жалпыұлттық және өңірлік пулдарға енгізілді. Инвестиция тарту және жобаларды сүйемелдеу бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл алгоритмі жетілдіріліп, бекітуге ұсынылып отыр», — дейді басқарма басшысының орынбасары Ирина Смит.

Пулға енгізілгеннен кейін жобалар «бір терезе» қағидаты бойынша кешенді түрде сүйемелденіп, олардың іске асырылуы тұрақты бақылауға алынады. Туындайтын мәселелер Өңірлік инвестициялық штаб пен жұмыс топтарының алаңдарында қаралады.

Жиын барысында бірқатар қала, аудан әкімдері баяндама жасап, инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.

Новые статьи

Өскеменде кәмелетке толмағандар қараусыз қалған үйдің төбесінде ойнаған

Красин көшесіндегі қараусыз қалған көпқабатты үйдің төбесінде жүрген жасөспірімдерді өтіп бара жатқан адамдар байқаған. Жергілікті тұрғындар бұл жағдайға алаңдап отыр. Олардың айтуынша, қараусыз қалған ғимаратқа...

В Усть-Каменогорске несовершеннолетние играли на крыше заброшенного дома

Подростков на крыше заброшенной многоэтажки на улице Красина заметили прохожие. Местные жители обеспокоены ситуацией и сообщают, что в заброшенное здание часто ходят не только подростки,...

В Казахстане началась предвыборная агитация

В Казахстане завершилась регистрация партийных списков. С 18 часов 01 минуты 23 июля 2026 года началась предвыборная агитация. Она продлится до 00 часов 00...

Қазақстанда сайлау алдындағы үгіт басталды

Қазақстанда партиялық тізімдерді тіркеу аяқталды. 2026 жылғы 23 шілде сағат 18:01-де сайлау алдындағы үгіт басталды. Ол 2026 жылғы 22 тамыз сағат 00:00-ге дейін жалғасады. Қазақстан...