ШҚО әкімі республикалық командалық айтыста жеңімпаз атанған өңір ақындары мен дәстүрлі өнерпаздарын қабылдады

Бүгін аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов жуырда өткен «Алтайым – алтын бесігім» атты республикалық командалық айтыста қарағандылық қарсыластарынан басым түскен Шығыс Қазақстан облысының ақындары мен дәстүрлі өнерпаздарын қабылдап, жеңістерімен құттықтады.

«Айтыс — қазақтың ақсүйек өнері, рухани қазынасы. Командалық айтыста абыроймен өнер көрсетіп, елдің ыстық ықыласына, шынайы қошеметіне бөлендіңіздер. Ерекше форматтағы жобаға тыңғылықты дайындықпен келгендеріңізді паш еттіңіздер. Енді келесі кезеңде де жемісті өнер көрсетулеріңізге тілектеспін!», — деді ШҚО әкімі.

Өңір басшысы өз сөзінде облыста ұлттық өнерді, мәдениетті дамытуға баса көңіл бөлініп жатқанын жеткізді.

«Театр көбейсе, түрме азаяды» деген сөз бар. Өнерге бет бұрған адам жамандықтан тыйылады. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарды күшейте береміз», — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Шығыс Қазақстан командасының жетекшісі, белгілі айтыскер ақын Серік Құсанбаев айтысты басынан соңына дейін тамашалап, қолдау білдірген облыс әкіміне алғысын білдірді.

«Келесі айналымға әзірлікті қазірдің өзінде бастап кеттік. Сенім білдіріп, қамқорлық көрсеткен өзіңізге мың алғыс! Сеніміңізді ақтауға тырысамыз», — деді ол.

Айта кетейік, командалық айтыс жобасы 2024 жылдан бері «AMANAT» партиясының бастамасымен жүзеге асып келеді. Жобаның авторы — ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтай. Жобаның барлық кезеңіне төрелік етіп келе жатқан — айтыс өнерінің абызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...