ШҚО-да полицейлер үйлерді тексеріп, 400-ден астам құқық бұзушылықты анықтады

Шығыс Қазақстан облысында тәртіп сақшылары 26-29 наурыз аралығында «Қауіпсіз үй» рейдтік іс-шарасын жүргізді. Оған полиция қызметкерлерінен бөлек, жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері жұмылдырылды.

Шараның негізгі мақсаты — отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтау.

— Соның барысында есепте тұрған 750-ден астам адам тексерілді. Жалпы алғанда, 420 әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде отбасылық-тұрмыстық жанжалдар, тыныштықты және қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері анықталды. Өмірлік қиын жағдайдағы 9 отбасы тіркелді. Онда 19 бала тәрбиеленіп жатыр. Оларға құқықтық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетіліп, уәкілетті органдарға тиісті хабарламалар жолданды, — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.

Айта кетейік, «Қауіпсіз үй» шарасында тек заңбұзушылықтарды анықтау ғана емес, мұқтаж отбасыларға жан-жақты қолдау көрсету көзделген.

Новые статьи

Өскеменде кәмелетке толмағандар қараусыз қалған үйдің төбесінде ойнаған

Красин көшесіндегі қараусыз қалған көпқабатты үйдің төбесінде жүрген жасөспірімдерді өтіп бара жатқан адамдар байқаған. Жергілікті тұрғындар бұл жағдайға алаңдап отыр. Олардың айтуынша, қараусыз қалған ғимаратқа...

В Усть-Каменогорске несовершеннолетние играли на крыше заброшенного дома

Подростков на крыше заброшенной многоэтажки на улице Красина заметили прохожие. Местные жители обеспокоены ситуацией и сообщают, что в заброшенное здание часто ходят не только подростки,...

В Казахстане началась предвыборная агитация

В Казахстане завершилась регистрация партийных списков. С 18 часов 01 минуты 23 июля 2026 года началась предвыборная агитация. Она продлится до 00 часов 00...

Қазақстанда сайлау алдындағы үгіт басталды

Қазақстанда партиялық тізімдерді тіркеу аяқталды. 2026 жылғы 23 шілде сағат 18:01-де сайлау алдындағы үгіт басталды. Ол 2026 жылғы 22 тамыз сағат 00:00-ге дейін жалғасады. Қазақстан...