ШҚО-да полицейлер үйлерді тексеріп, 400-ден астам құқық бұзушылықты анықтады

Шығыс Қазақстан облысында тәртіп сақшылары 26-29 наурыз аралығында «Қауіпсіз үй» рейдтік іс-шарасын жүргізді. Оған полиция қызметкерлерінен бөлек, жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері жұмылдырылды.

Шараның негізгі мақсаты — отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтау.

— Соның барысында есепте тұрған 750-ден астам адам тексерілді. Жалпы алғанда, 420 әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде отбасылық-тұрмыстық жанжалдар, тыныштықты және қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері анықталды. Өмірлік қиын жағдайдағы 9 отбасы тіркелді. Онда 19 бала тәрбиеленіп жатыр. Оларға құқықтық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетіліп, уәкілетті органдарға тиісті хабарламалар жолданды, — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.

Айта кетейік, «Қауіпсіз үй» шарасында тек заңбұзушылықтарды анықтау ғана емес, мұқтаж отбасыларға жан-жақты қолдау көрсету көзделген.

Новые статьи

Өскеменде экологиялық талаптарды сақтамаған кәсіпорынға 20 млн теңге айыппұл салынды

ШҚО Экология департаментінің мамандары Өскемендегі қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде «Казцинк» ЖШС металлургиялық кешенінің Өскемен металлургиялық алаңына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді. - Соның барысында ауаға...

В Усть-Каменогорске подготовлены к возможным паводкам

В областном центре подготовлена необходимая техника для борьбы с возможными весенними паводками. Изменение уровня воды, таяние снега и состояние рек находятся на постоянном контроле. В областном...

В ВКО усилят контроль за автошколами и молодыми водителями

В увеличении количества ДТП в регионе виноваты сами водители. Причина связана с недисциплинированностью и не соблюдением правил на дорогах, об этом сообщили в Департаменте...
00:00:50

«Так не пойдет»: аким ВКО потребовал разобраться с качеством дорог

В Восточно-Казахстанской области усилят контроль за качеством автомобильных дорог. Такое поручение дал аким региона Нурымбет Сактаганов на совещании в акимате. Поводом стали повторяющиеся проблемы: после...