Өскеменде экологиялық талаптарды сақтамаған кәсіпорынға 20 млн теңге айыппұл салынды

ШҚО Экология департаментінің мамандары Өскемендегі қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде «Казцинк» ЖШС металлургиялық кешенінің Өскемен металлургиялық алаңына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.

— Соның барысында ауаға тарайтын шығарындылар көздеріне тиісті өлшемдер жасалып, белгіленген нормативтердің артқаны анықталды. Атап айтқанда, күкірт диоксиді бойынша нормадан – 3,5 есе, көміртек оксиді бойынша – 2 есе, азот оксиді бойынша – 1,5 есе артқан, — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Анықталған деректер шаң-газ ұстау жабдықтарының толық көлемде тиімді жұмыс істемейтінін және газдарды жобалық деңгейде тазартуды қамтамасыз етпейтінін көрсетті.

— Сонымен қатар қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде эмиссияларды төмендету талаптарының сақталмауы экологиялық рұқсат шарттарының бұзылуына әкелгені белгілі болды. Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорынға 20 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді, — делінген ақпаратта.

Новые статьи

ШҚО-да полицейлер үйлерді тексеріп, 400-ден астам құқық бұзушылықты анықтады

Шығыс Қазақстан облысында тәртіп сақшылары 26-29 наурыз аралығында «Қауіпсіз үй» рейдтік іс-шарасын жүргізді. Оған полиция қызметкерлерінен бөлек, жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың...

В Усть-Каменогорске подготовлены к возможным паводкам

В областном центре подготовлена необходимая техника для борьбы с возможными весенними паводками. Изменение уровня воды, таяние снега и состояние рек находятся на постоянном контроле. В областном...

В ВКО усилят контроль за автошколами и молодыми водителями

В увеличении количества ДТП в регионе виноваты сами водители. Причина связана с недисциплинированностью и не соблюдением правил на дорогах, об этом сообщили в Департаменте...
00:00:50

«Так не пойдет»: аким ВКО потребовал разобраться с качеством дорог

В Восточно-Казахстанской области усилят контроль за качеством автомобильных дорог. Такое поручение дал аким региона Нурымбет Сактаганов на совещании в акимате. Поводом стали повторяющиеся проблемы: после...