Өскеменде Шнайдер көпірі демонтаждалып жатыр

Өскемен қаласындағы Шнайдер көпірінің тіректерін демонтаждау жұмыстары жүргізілуде. Сол жерде бірнеше арнайы техника жұмыс істеп жатыр.

Еске салсақ, 2025 жылдың 1 қыркүйегінде көпір опырылып түскен еді. Абырой болғанда, сол сәтте өткелде ешкім болмағандықтан, зардап шеккендер болған жоқ.

Алғашында көпірді жөндеу жоспарланған еді. Алайда кейінірек шенеуніктер бұл жұмысты экономикалық тұрғыдан тиімсіз деп танып, сол жерде жаңа көпір салу туралы шешім қабылдады.

Өскемен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, қазіргі уақытта қолданыстағы көпірді толық бұзып, оның орнына жаңа көпір салуды қарастыратын реконструкция жобасының сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр.

— Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған келісімшарт аясында “Қазақ ПромТрансПроект” ЖШС жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстарын бастады, — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Новые статьи

Нацбанк Казахстана снизил базовую ставку до 15,75%

Комитет по денежно-кредитной политике Национального Банка Казахстана снизил базовую ставку до 15,75% годовых с коридором в один процентный пункт в обе стороны. Решение принято...

ШҚО-да биыл баласына алимент төлемеген 21 адам сотталды

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері баласына алимент төлемеген 21 адамға сот үкімі шықты. Өңірде биыл алимент төлеуден жалтарған ата-аналарға қатысты 43 қылмыстық іс қозғалды....

В школе Алтая открыли класс «Жас сақшы» имени погибшего полицейского

В средней школе № 9 города Алтай открылся полицейский класс «Жас сақшы» имени старшего лейтенанта Александра Сидорова, погибшего при исполнении служебного долга. В преддверии...

Бригада скорой помощи ВКО спасла двух пациентов в критическом состоянии

В октябре бригада № 4 Восточно-Казахстанской областной станции скорой медицинской помощи дважды оказала экстренную помощь пациентам в критическом состоянии. В одном случае медики восстановили...