Өскеменде бұралқы иттерді аулайтын мердігер табылмай тұр

Өскемен қаласында көше кезген жануарларды аулау жұмыстарына мердігер анықталмады. Өткізілген конкурсқа бірде-бір өтінім түспеген.
Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы өткен конкурс 24 ақпан мен 3 наурыз аралығында жарияланған. Қаңғырған жануарларды аулау жұмыстарына 7,7 млн теңгеден астам қаражат қарастырылған.
Алайда конкурсқа бірде-бір ұйым қатысуға өтінім бермеді. Бұл — жүйеге өзгеріс енгізілгеннен кейін жарияланған алғашқы тендер. Осыған дейін иесіз жануарларды аулау мәселесімен облыстық ветеринария басқармасы айналысса, енді бұл өкілеттік қалалық әкімдікке беріліп отыр.
Қала әкімдігінің мәліметінше, конкурс қайта жарияланады.
— Оған жануарларды қорғау ұйымдары мен жануарлар панажайларының иелері қатысады деп үміттенеміз. Жануарларға қатыгездік танытпау мәселесін дәл осы қауымдастықтардың өкілдері үнемі көтеріп келеді. Сондықтан біз оларды бұл жұмысқа белсенді қатысуға шақырамыз, — делінген ақпаратта.
Жаңа конкурс өткізілгенге дейін Өскемендегі қаңғырған жануарлар санын реттеу мәселесі ашық күйінде қалып отыр.

Новые статьи

Бригада скорой помощи ВКО спасла двух пациентов в критическом состоянии

В октябре бригада № 4 Восточно-Казахстанской областной станции скорой медицинской помощи дважды оказала экстренную помощь пациентам в критическом состоянии. В одном случае медики восстановили...

Розничная торговля в Казахстане выросла на 4,5% за девять месяцев

В январе–сентябре 2026 года объем розничной торговли в Казахстане достиг 20 048,8 млрд тенге. Это на 4,5% больше, чем за аналогичный период прошлого года. Рост...

Семерых граждан РК обвиняют в мошенничестве на 413 млн тенге и организации ОПГ

В Астане завершили расследование уголовного дела в отношении семи человек, которых обвиняют в мошенничестве в составе организованной преступной группы. По данным прокуратуры столицы, от...

В Усть-Каменогорске камеры видеонаблюдения зафиксировали подростков, распивающих алкоголь

В Усть-Каменогорске камеры Центра оперативного управления полиции зафиксировали, как четверо подростков распивали пиво во дворе жилого дома на улице Егорова. В отношении законных представителей несовершеннолетних...