Шығыс Қазақстанда көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жалғасып жатыр

Облыс аумағында барлығы 128 гидротехникалық нысан бар. Олардың барлығы тұрақты бақылауда.
— Су тасқыны қаупі жоғары кезеңге дайындық аясында бірқатар инженерлік жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, өзен арналары 3,5 шақырымға тереңдетіліп, кеңейтілді. 800 метр қорғаныс бөгеті жөнделді. 2,35 шақырым жағалауды бекіту құрылыстары салынды және күшейтілді. 5,5 шақырым су бұру арналары жасалды, — деп хабарлады ШҚО әкімдігінен.
Сонымен қатар Алтай, Марқакөл, Үлкен Нарын, Күршім, Шемонаиха, Катонқарағай және Глубокое аудандарында мұз кептелісі қаупі бар 20 учаске анықталған.
Елді мекендердің өзінде де су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда. Қазіргі уақытта арықтар мен каналдардың 35%-ы тазартылып, 32% су өткізу құрылыстары ретке келтірілді. Облыс аумағынан барлығы 216 мың текше метр қар шығарылды.
Жалпы Шығыс Қазақстанда 70 елді мекенде су тасқыны қаупі бар. Онда шамамен 3,5 мың тұрғын үй орналасқан.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жедел әрекет ету үшін күштер мен құралдар тобы жасақталды. Олардың құрамында 3677 адам, 556 техника, 73 жүзу құралы және 234 мотопомпа бар.
Сондай-ақ 13 мың адамды қабылдай алатын 137 уақытша орналастыру пункті дайындалды.

Новые статьи

В Усть-Каменогорске запустили фонтаны

Сегодня в честь Дня единства народа Казахстана в Усть-Каменогорске запустили фонтаны. Особое торжество состоялось вечером когда начали работать свето-музыкальные фонтаны на Центральной площади. Всего...

В Усть-Каменогорске молодежь отметила День единства большим фестивалем

В региональном центре прошел молодежный областной студенческий фестиваль «Достық толқынында-2026». Мероприятие посветили Дню единства народа Казахстана, а на сцену вышли студенты колледжей, вузов, творческие...

В Усть-Каменогорске прогремел салют

Сегодня в областном центре в честь 1 мая состоялось открытие навигации речных трамвайчиков. Водный транспорт курсирует по Иртышу до парка Самал и левобережного парка. Вечером...

В Усть-Каменогорске открыли сезон речных трамвайчиков

Новый сезон традиционно стартовал первого мая. В этом году, гостей ждут не только уже знакомые речные маршруты и туры по городу и Усть-Каменогорскому водохранилищу,...