ШҚО мамандандырылған медициналық орталығы күрделі жөндеуден өтті

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген ШҚО мамандандырылған медициналық орталығына барды.
Мұнда инженерлік желілер, электрмен жабдықтау мен желдету жүйесі жаңарды. Урология бөлімі жөнделіп, емханаға заманауи медициналық құрал-жабдықтар алынды.
«Негізгі мақсатымыз — пациенттер мен медициналық қызметкерлер үшін барынша жайлы жағдай жасау. Облыстың мамандандырылған медициналық орталығына тек өңіріміздің ғана емес, еліміздің әр түкпірінен науқастар келеді. Енді алдағы уақытта орталықтың жертөлесін қалыпқа келтіруіміз керек», — деді аймақ басшысы.
Одан соң Нұрымбет Сақтағанов медициналық мекеме ұжымымен кездесіп, жаңа Конституция жобасын талқылады. Оларға Ата заң жобасының қалай әзірленгенін, қандай игі өзгерістер күтілетінін айтып берді. Жиналғандар өз пікірлерін де айтып, ойларымен бөлісті.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...