ШҚО-да марал шаруашылығы ісі бойынша сотталған 6 адам ақталып шықты

Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы 5 жылға созылған тергеуден кейін марал шаруашылығы ісі бойынша сотталғандарды ақтады.

2025 жылғы 17 қарашада Самар аудандық соты алты айыпталушыны аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп таныған болатын. Олардың үшеуі ұрлық жасағаны үшін де сотталған.
Айыптау нұсқасына сәйкес, алдын ала сөз байласқан сотталушылар Алтай ауданы Малеев ауылдық округіне қарасты Путинцево ауылындағы марал шаруашылығына құқықты заңсыз иеленген. Келтірілген залал 80 млн теңгеге бағаланған. Сондай-ақ үш айыпталушы шаруашылық аумағынан екі тракторды, бір тіркемені жымқырды деп айыпталды.

Ол кезде барлық алты адамға 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, сотталғандардың біріне қатысты жазаны өтеу кейінге қалдырылған еді. Алайда апелляциялық сот бұл шешімді теріске шығарды.

– Сотқа дейінгі тергеу заңда көзделген негіздер болмаған жағдайда басталған. Рапортты тіркеу кезінде және тергеуді тоқтату туралы қаулылардың күшін жою барысында елеулі заңбұзушылықтар жіберілген. Осылайша, бұл алдын ала тергеудің жарамсыз деп танылуына әкеліп соқты, — делінген сот алқасының қаулысында.

Қылмыстық істі қозғауға негіз ретінде жәбірленушінің 2019 жылғы 2 қазанда «Driada ВК» ЖШС-мен жасалған мүліктік кешенді сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы арызы алынған. Алайда сот барысында белгілі болғандай, аталған шарт белгіленген тәртіпке сәйкес жарамсыз немесе жалған деп танылмаған.

Сот алқасы Қылмыстық-процестік кодекстің 179-бабына сәйкес, егер азаматтық-құқықтық мәмілелер жарамсыз деп танылмаса, оларды орындамауға байланысты арыздар қылмыстық құқықбұзушылық ретінде тіркелмеуі тиіс екенін атап өтті.

– Аталған іс бойынша тергеу 2020 жылдың қазан айынан бастап 5 жылға жуық уақыт жүргізілген. Осы кезеңде қылмыс құрамының болмауына байланысты іс 8 рет тоқтатылған. Алайда тиісті қаулылар не облыстық прокуратура тарапынан бекітілмеген, не кейіннен күшін жойып отырған. Апелляциялық сот 2020 жылғы 26 желтоқсандағы, 2021 жылғы 19 шілдедегі және 2022 жылғы 24 қазандағы тергеуді тоқтату туралы қаулылардың күшін жоюды заңсыз деп таныды, — делінген ақпаратта.

Ақталған азаматтар сот залында қамаудан босатылды. Енді олардың заңсыз қылмыстық жауаптылыққа тартылу салдарынан келтірілген зиянды өтеуге құқығы бар.

Новые статьи

В Казахстане усилили требования к электронным торговым и рекламным площадкам

Министерство торговли и интеграции внесло изменения в Правила внутренней торговли. Новые требования направлены на продвижение отечественных товаров и защиту пользователей электронных площадок от мошенничества. Согласно...

Токаев принял исполнительного координатора Программы добровольцев ООН Тойли Курбанова

Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев встретился с исполнительным координатором Программы добровольцев ООН Тойли Курбановым. Стороны обсудили развитие волонтерского движения и реализацию инициатив Казахстана в этой...

В ВКО полицейский спас двух рабочих из канализационного люка

В поселке Касым Кайсенова Уланского района полицейский помог спасти двух работников КГП «Молодежный», потерявших сознание во время очистки канализационных труб. Инцидент произошел 20 августа около...

Казахстан представил на COP17 опыт управления земельными и водными ресурсами

Казахстан представил национальный опыт комплексного управления земельными и водными ресурсами на международном уровне. Заместитель председателя комитета по управлению земельными ресурсами минсельхоза Марат Каженов принял...