ШҚО әкімі азаматтарды жеке сауалдары бойынша қабылдады

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов жеке қабылдау барысында тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық өтініштерін қарады.

Өскемен қаласының ерекше қажеттілігі бар тұрғыны Шыңғыс Құрманхан Серікбаев көшесіндегі караоке-бардың санитарлық қауіпсіздігіне қатысты мәселе көтерді.

Сонымен қатар интернет байланысының сапасы, коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету және өзге де тұрғын үйге қатысты түйткілдер айтылды. Караоке-бардың санитарлық талаптарға сәйкестігі бойынша заңға сәйкес тексеру жүргізілетін болды.

Интернет сапасына қатысты Beeline операторы сол аумақтағы базалық станцияны жаңғырту жоспарланып отырғанын хабарлады. Бұл байланыс сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, облыстық цифрландыру басқармасы қызмет сапасына өлшеу жүргізу үшін өңіраралық байланыс инспекциясына сұраныс жолдады.

Кездесу барысында жұмысшы жастарға арналған жатақханаларды жекешелендіру, спорттық шараларды ұйымдастыру, аулаларды абаттандыру мәселелері де талқыланды. Атап айтқанда, қоқыс контейнерлері орналасқан алаңды көшіру және оны жөндеу жөніндегі өтініштер қаралды.

Нұрымбет Сақтағанов Тарасовтар отбасын да кезекті рет қабылдады. Олардың түрлі инстанцияларға жолдаған өтініштерінің қаралу барысы бақылауға алынды.
Қабылдауға келген барлық тұрғындарға заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес жауап жолданатын болады.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...