Өскеменде отбасылық фестиваль өтеді

Өскемен тұрғындары мен қала қонақтары үшін 28 ақпан күні «Шешек» демалыс аймағында отбасылық фестиваль ұйымдастырылмақ. Сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін жалғасатын фестиваль биылғы қыс маусымындағы соңғы ауқымды іс-шаралардың бірі болмақ.

Ұйымдастырушылар барлық жастағы қатысушыларға арналған мазмұнды бағдарлама әзірлеген. Балалар мен жасөспірімдер үшін аниматорлар жұмыс істеп, түрлі ойындар, байқаулар мен шеберлік сабақтары өткізіледі. Ал ересектерге арнап кәуап дайындалатын гриль-аймақ, ыстық сусындар ұсынылатын алаңдар қарастырылған.

Сондай-ақ қонақтарды командалық ойындар, көңілді эстафеталар, тимбилдинг бағдарламалары мен сахналық шоу күтеді. Белсенді демалысты ұнататындар тюбингпен сырғанап, атқа мініп серуендей алады, тіпті әуе шарымен көтерілуге де мүмкіндік бар.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль – таза ауада отбасымен уақыт өткізіп, қысты әсерлі көңіл күймен шығарып салуға тамаша мүмкіндік.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...