back to top

Шығыс Қазақстанда соғыс ардагері Павел Стрехо 100 жасқа толды

Бүгін, 23 ақпанда, соғыс ардагері Павел Еремеевич Стрехо 100 жасқа толған мерейтойын атап өтіп жатыр. Ол тағдырлы ғұмыр кешкен, III дәрежелі Даңқ ордені мен I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегері, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Кёнигсбергті алғаны үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарымен және Жуков медалімен марапатталған жан.

Ғасыр жасаған мерейтой иесінің өмір жолы — тұтас бір дәуірдің шежіресі, ерлік пен қайсарлықтың, Отанға адал қызмет етудің айқын үлгісі. Павел Еремеевич 1943 жылы, небәрі 17 жасында әскер қатарына шақырылған. 1944 жылы 3-ші Беларусь майданына жіберіліп, 1945 жылы Кёнигсбергті азат етуге қатысқан. Майдандағы ерлігі мен батылдығы үшін жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Мерейтой иесін айтулы күні Шығыс Қазақстан облысының әкімі, 27943 әскери бөлімінің жеке құрамы, Қорғаныс істері департаментінің өкілдері, облыстық әкімдік қызметкерлері мен туған-туыстары құттықтады. Бұл күні Павел Еремеевичтің қасында ұлдары болды. Олардың бірқатары алыстан ат терлетіп келіп, әке қуанышын бірге бөлісті.

Ардагерді Шығыс Қазақстан халқының атынан облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов құттықтап, Ұлы Жеңіске қосқан өлшеусіз үлесі үшін алғыс білдірді. Аймақ басшысы мерейтой иесіне жаңа автокөліктің кілтін табыстады.

«Павел Еремеевич — тұтас бір дәуірдің куәсі. Оның өмір жолы — сынбас рух пен Отанға деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі. Біз сұрапыл соғыста Жеңіс жалауын желбіреткен буынның алдында бас иеміз және алғысымызды жеке жеткізу мүмкіндігінің болғанына қуаныштымыз. Сізге деніңізге саулық, отбасыңыздың жылуы мен құрметіне бөленіп, ұзақ ғұмыр кешуіңізді тілеймін», — деді облыс әкімі.

Өз кезегінде Қорғаныс істері департаменті бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, полковник Қазбек Ахметов ардагердің ерлігі кейінгі ұрпақ жадында мәңгі сақталып, жастарға өнеге болатынын атап өтті.

Мерейтой күні жылы отбасылық дастарқан басындағы мерекемен жалғасты. Павел Еремеевич туған-туыстары мен достарының, қонақтардың құттықтауларын қабыл алды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің құттықтау хаты оқылды.

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Вячеслав Ткач пен жергілікті өнер ұжымдары мерейтой иесіне арнап музыкалық тартулар ұсынып, кештің шынайы алғыс пен құрметке толы атмосферасын айшықтай түсті.

Павел Еремеевич Стрехоның 100 жылдық мерейтойы — тек жеке қуаныш қана емес, бүкіл өңір үшін маңызды оқиғаға айналды. Бұл тарихи жадтың, ұрпақтар сабақтастығының және Жеңіс қаһармандарына деген терең құрметтің символы.

Новые статьи

Молодежь из всех регионов страны принимает активное участие в информационной кампании

Активисты Общенациональной коалиции «За Народную Конституцию Справедливого и Прогрессивного Казахстана!» ведут масштабную разъяснительную работу в регионах страны. Старт кампании был дан в Астане, после...

В ВКТУ им. Д. Серикбаева обсудилии проект новой Конституции РК

В Восточно-Казахстанском техническом университете имени Д. Серикбаева состоялась очередная встреча с коллективом, посвящённая обсуждению проекта Новой Конституции Республики Казахстан. Спикером мероприятия выступила ректор университета, член...

Казахстан и Франция переходят к активной фазе реализации мега-проекта ВЭС мощностью 1 ГВт

Министр энергетики РК Ерлан Аккенженов провел встречу с топ-менеджментом французского энергетического гиганта TotalEnergies. В обсуждении приняли участие Старший вице-президент по Азиатско-Тихоокеанскому региону TotalEnergies EP...

Лекарства в Казахстане за год подорожали на 15%

В Казахстане за последний год заметно выросли цены на медикаменты. По данным Бюро национальной статистики, в январе 2026 года лекарства подорожали на 15,1% по...