Өскеменде осы айдың басынан 500-ге жуық адам көктайғақтан зардап шекті

Өскемен қаласында тұрғындар көктайғаққа қатысты жаппай шағымданып жатыр. Ақпан айының басынан бері жарақат пунктіне әртүрлі жарақатпен 700-ге жуық адам жүгінген. Оның шамамен 500-і көшеде алған жарақаттарға қатысты.

— Негізінен адамдар тайғақ жерлерде құлап жарақат алған. Қалғандары жол-көлік оқиғалары, тұрмыстық және өндірістік жарақаттарға байланысты, — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Осы уақытта әлеуметтік желілерде қала тұрғындары мұз басқан тротуарлар, баспалдақтар мен аула ішіндегі өткелдердің фото және видеоларын жаппай жариялап жатыр.

— Подъезден шығудың өзі мұңға айналды. Тротуарлар айнадай жылтырап жатыр, құм мүлде себілмеген, — дейді қала тұрғындарының бірі.

Халық көшелерді тазалау тәсіліне де наразылық білдіруде. Олардың айтуынша, арнайы техника жолды қардан тазартқаннан кейін жиналған қар мен мұз жаяу жүргіншілер жолының жиегіне ығыстырылып, қозғалысқа кедергі келтіреді.

— Техника жолды тазалайды, бірақ бүкіл қар мен мұзды жол жиегіне үйіп кетеді. Соның салдарынан не жолдың үстімен жүруге, не үйілген қардан асуға тура келеді, — дейді зейнеткер Әсия Ибраева.

Синоптиктер бұған дейін ауа температурасының күрт құбылуы көктайғақтың пайда болуына ықпал ететінін ескерткен болатын. Қала тұрғындары коммуналдық қызметтер тротуарларды тайғаққа қарсы материалдармен өңдеу жұмыстарын күшейтіп, жаңа жарақаттардың алдын алады деп үміттенеді.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...