14 ақпанда Өскемен қаласындағы Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында Олимпиада чемпионының жүлделеріне арналған жеңіл атлетикадан XI халықаралық турнир өтеді. Жарыстың басталуы — сағат 16:30. Кіру тегін. Турнирдің бас демеушісі — Kazzinc компаниясы.
Турнирге 13 елден 150-ден астам спортшы қатысады. Бағдарламаға жүгіру, кедергілермен жүгіру, сырықпен секіру, үш қарғып секіру, биіктікке секіру, ядро лақтыру және эстафета кіреді.
Жарысқа ұлттық құрамалардың жетекші спортшылары, Азия чемпиондары, әлем чемпионаттарының жүлдегерлері, сондай-ақ жас және жасөспірім спортшылар қатысады.
