Өскеменде жаңа айналма жолды іске қосу үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр

Өскеменде үнемі ұзын-сонар кептеліс болатын Ертіс көпірінен түсетін жолайрығында айналмалы қозғалысты іске қосу жоспарланып отыр.

Бұл екі деңгейлі жолайрығын салу жобасының алғашқы кезеңі. Құрылыс жұмыстарын жалғастыру үшін қозғалыс уақытша айналма жол арқылы ұйымдастырылмақ. Жаңа қозғалыс Сәтбаев даңғылын Базовая көшесімен, Жібек жолы көшесімен және Есенберлин даңғылымен байланыстырады.

Айналма жол — уақытша ғана енгізіледі. Себебі солай ғана құрылысшылар қиылыстың ішкі бөлігіне кіріп, болашақ жол өткелінің тіректерін орната алады. Барлығы 15 тірек салу жоспарланған.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті айналмалы қозғалыс енгізілгеннен кейінгі жол жүру тәртібін түсіндірді.

— Айналма жолға кез келген жолақтан кіруге рұқсат етіледі. Ал шығу кезінде жүргізуші жол белгілеріне сәйкес тиісті жолақты таңдауы тиіс. Кіру және шығу барысында оң жақ бұрылыс шамын қосу қажет, ал қайта жолақ ауыстырғанда оң жақтан келе жатқан көлікке жол беру міндетті, — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Айналмалы қозғалысты іске қосуға дайындық бірнеше күннен бері жүріп жатыр. Жол бойына қозғалыс бағыттарын көрсететін белгілер мен «Айналмалы қозғалыс» жол белгісі орнатылып, бағдаршамдар қойылуда.

Енді бұрынғыдай қиылыстан тікелей өту мүмкіндігі жабылады. Айналмалы қозғалыстың нақты қашан іске қосылатыны әзірге нақтыланбағанымен, өзгерістер жақын күндері енгізіледі деп күтілуде.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...