Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде мектептерді қашықтан оқытуға көшіру тәртібі бекітілді

Қолайсыз метеорологиялық жағдай мен атмосфералық ауаның ластануы кезінде мектептердің жұмыс тәртібін айқындайтын жаңа құжат бекітілді.
Құжатқа сәйкес, ҚМЖ-ның бірінші деңгейі кезінде мектептер әдеттегі режимде жұмысын жалғастырады. Ал екінші және үшінші деңгейде шектеу шаралары енгізіледі.
Атап айтқанда, егер ҚМЖ-ның екінші деңгейі қатарынан үш күн сақталса, төртінші күні оқу процесі қашықтан оқыту форматына ауыстырылады. Ал үшінші деңгейдегі қолайсыз метеорологиялық жағдайда онлайн оқыту бірінші күннен бастап енгізіледі.
Сонымен қатар сабақ кестесіне де өзгерістер қарастырылған. Қашықтан оқыту форматындағы сабақтардың ұзақтығы балаларға түсетін жүктемені азайту мақсатында 30 минутты құрайды.
Өскемен қалалық білім бөлімінен аталған регламент оқушылардың қауіпсіздігі үшін қабылданғанын атап өтті.
— Құжат қолайсыз метеорологиялық жағдайлар мен ауаның ластануының білім алушылардың денсаулығына теріс әсер етуіне жол бермеу, білім беру процесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін әзірленді, — делінген ақпаратта.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...