Абай облысында аса ірі көлемдегі есірткі тасымалына тосқауыл қойылды

«Аягөз-Шеп» стационарлық бекетінде полицейлер Өскемен қаласының 32 жастағы тұрғыны тізгіндеген Mitsubishi Pajero маркалы автокөлігін тексеру үшін тоқтатты. Тексеру кезінде жүргізушінің тыйым салынған заттарды тасымалдауы мүмкін деген күдік туындады.

— Дәлелдерді жедел түрде тіркеу және тиісті әрекеттерді жүзеге асыру мақсатында оқиға орнына кезекші тергеу-жедел тобы шұғыл түрде жеткізілді. Көлікті тінту барысында өсімдік тектес, жасыл түсті, өткір иісі бар зат салынған екі картон қорап табылды. Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген  зат жалпы салмағы 18 099,47 грамм болатын «кептірілген марихуана» есірткі заты болып шықты, — деп хабарлады облыстық полиция департаментінен.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...