Ауа сапасы орташа деңгейде бағаланады және өңір тұрғындарының денсаулығына қауіп төндірмейді

Қала аумағында бес күн қатарынан сақталған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты Экология департаментінің мамандары «Қазгидромет» РМК және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен бірлесіп атмосфералық ауаның сапасына көшпелі мониторинг жүргізді.

Департамент тарапынан бақылау күн сайын жылжымалы зертхана көмегімен жүзеге асырылды. Өлшеулер санитариялық-қорғау аймақтарында және жеке тұрғын секторда негізгі ластаушы заттар бойынша жүргізілді: азот тобы, көміртек оксиді, күкірт тобы және хлоридтер.

Сонымен қатар, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезеңінде өнеркәсіптік кәсіпорындар өндірістік жүктемені 20–40% төмендетуде.

[video_player file=»https://sozmedia.kz/wp-content/uploads/2026/02/video_5.mp4″]

Атмосфералық ауаның жалпы жағдайына автокөлік құралдары, өнеркәсіптік кәсіпорындар және пешпен жылытылатын жеке тұрғын сектор әсер етеді. Сондай-ақ екі гидроэлектр станциясының (ГЭС) болуы Ертіс пен Үлбі өзендерінің қыс мезгілінде қатпауына әкеліп, қалың тұманның пайда болуына жағдай жасайды. Қыс мезгілінде жеке секторда қатты отынның (көмір мен ағаш) жағылуы күйе мен күлден тұратын ұсақ дисперсті бөлшектердің түзілуіне алып келіп, олардың ауада ұзақ уақыт қалқып тұруы салдарынан ауаның ластану деңгейіне елеулі әсер етіп отыр.

Ауа сапасы орташа деңгейде бағаланады және өңір тұрғындарының денсаулығына қауіп төндірмейді.

Атмосфералық ауаның сапасын бақылау тұрақты жалғасуда.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

В ВКО отметили День Республики праздничным концертом

В Восточно-Казахстанской областной филармонии состоялся праздничный концерт ко Дню Республики. Программу посвятили достижениям региона и людям, которые развивают образование и медицину, работают на промышленных...