ШҚО әкімі: Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу зауыты салынатын жерді қысқа уақыт ішінде бекіту керек

Бүгін Нұрымбет Сақтағанов Өскемендегі қоқыс сұрыптайтын зауыттың жұмысымен танысты. 2022 жылы ашылған бұл зауыт сағатына 25 тонна қалдықты өңдейді. Бөлек жиналған қалдықтар қоқыс тасымалдайтын көліктермен осында жеткізіліп, қабылдау бункеріне төгіледі, одан әрі таспалы конвейер арқылы сұрыптау желісіне жіберіледі.
Сұрыптау желісінің өндірістік қуаты санитарлық-қорғау аймағының нормативтеріне сәйкес қабылданған. Сұрыптау желісінің әлеуетті қуаты жылына 100 мың тоннаға дейін жетеді.

Зауытта барлығы 40-тан астам адам жұмыс істейді. Штаттық кестеге сәйкес, еңбек процесі тәулігіне 12 сағаттан екі ауысым бойынша ұйымдастырылған.
Облыс әкімі өз сөзінде Өскеменде тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу зауыты салынатын жерді қысқа уақыт ішінде бекіту керектігін жеткізді.

«Бізге зауыт салу үшін 6 гектар жер керек. Қоқыс сұрыптайтын зауыт аумағындағы жерді қарастырыңыздар. Сонда бізде қоқысты сұрыптайтын әрі өңдейтін бір зауыт болады», — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Аймақ басшысы жауапты басқарма басшылары мен Өскемен қаласы әкімдігіне 3 ақпанға дейін тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу зауытын салу үшін жер учаскесін таңдау бойынша нақты ұсыныс енгізу міндетін қойды. Сондай-ақ зауыт құрылысын инвестициялық жобалар тізіміне енгізу қажеттігін айтты.

Новые статьи

На востоке Казахстана оградили почти 140 километров трасс от скота

На востоке Казахстана дорожные службы установили металлические сетчатые ограждения почти на 140 километрах республиканских трасс. Конструкции должны снизить риск ДТП из-за выхода бесхозного скота...

В Казахстане изменили правила выдачи и отзыва ЭЦП

В Казахстане обновили правила выдачи, хранения и отзыва сертификатов электронной цифровой подписи. Нововведения предусматривают дистанционное получение ЭЦП, новые виды сертификатов и дополнительные основания для...

В 11 регионах Казахстана построят 13 новых колледжей

В Казахстане планируют построить 13 современных колледжей в 11 регионах страны. Новые объекты рассчитаны на 20 тыс. ученических мест и должны помочь сократить дефицит...

В Казахстане меняют систему ТиПО с учетом потребностей экономики

Систему технического и профессионального образования Казахстана переводят на новую модель подготовки кадров, ориентированную на реальные потребности рынка труда. Об этом сообщила министр просвещения Жулдыз...