Өскеменде жастар арасында шайбалы хоккейден «Қысқы спорт-фест» турнирі өтті

Турнир 29-30 қаңтар күндері Б. Александров атындағы Спорт сарайында ұйымдастырылды. Додаға 2008-2010 және 2012-2014 жылы туғандар арасындағы сегіз команда қатысты. Атап айтқанда, «Торнадо», «Локомотив», «Титан», «Устинка», «Ульбинка», «Кедр» және «КШТ» командалары бақ сынасты.

Салауатты өмір салтын насихаттауға және қаланың жас таланттарын қолдауға бағытталған спорттық шараның өткізілуіне ШҚО прокуратурасы, полиция департаменті, өңір әкімдігі және «AN GROUPS» құрылыс компаниясы мұрындық болған.

Турнир қорытындысы бойынша «Устинка» командасы жеңімпаз атанды. Ал «Ульбинка» ойыншылары екінші орынға жайғасса, «КШТ» хоккейшілері үздік үштікті түйіндеді.

Марапаттау рәсіміне Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысып, жас спортшыларға ізгі тілегін жеткізді.

«Қысқы спорт-фест» турнирі — жастарды спорт арқылы тәрбиелеп, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында өткізіліп отыр. Жарыс тартысты әрі қызықты өтті. Ойыншылар өз қарсыластарына деген сыйластығын, командаластарына деген қамқорлығын көрсетті. Сіздердің араларыңызда «Торпедо» хоккейшілерінің ізбасарлары жүр деп сенемін!», — деді аймақ басшысы.

Жеңімпаздар мен қатысушылар ақшалай сыйлықтармен, грамоталармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Новые статьи

В ВКО выбрали лучших товаропроизводителей – они поедут на республиканский конкурс в Астану

В областном центре подвели итоги региональной выставки-конкурса «Лучший товар Казахстана – 2026». Местные предприятия представили отечественную продукцию и поборолись за право выйти на республиканский...

В Казахстане расследуют крупное мошенничество связанное с поступлением в зарубежные вузы

В Астане расследуют уголовное дело по факту мошенничества в особо крупном размере. По данным министерства внутренних дел РК, в столице задержали 32-летнего мужчину, которого...

2026-2028 годы станут периодом масштабного внедрения ИИ в промышленность Казахстана

В Казахстане 2026-2028 годы станут периодом масштабного внедрения искусственного интеллекта и современных цифровых решений в промышленности и недропользовании. Об этом на Конгрессе AMM 2026...

В ВКО спасатели усилили контроль на водоемах после начала купального сезона

В Восточно-Казахстанской области усилили профилактическую работу на водоёмах. С началом купального сезона сотрудники ДЧС ВКО вышли в рейды по популярным местам отдыха у воды....