ШҚО-да шаңғы жарысынан облыс чемпионатының I туры өтті

24-30 қаңтар аралығында Риддер қаласы Лесное ауылындағы шаңғы трассасында шаңғы жарысынан Шығыс Қазақстан облысы чемпионатының бірінші туры өтті.

Жарысқа Өскемен, Риддер, Серебрянск қалаларынан, Глубокое, Үлкен Нарын, Шемонаиха аудандарынан барлығы 120 спортшы қатысты. Олардың арасында жас ерекшеліктері бойынша — ересектерден бастап 2014 жылы туған және одан кіші жас санатындағы шаңғышыларға дейін бақ сынады.

Чемпионат бағдарламасына еркін және классикалық әдістермен жеке жарыстар, командалық спринттер мен эстафеталар енгізілді. Сайыс нәтижелері спортшылардың дайындық деңгейінің жоғары екенін көрсетті.

Бұл чемпионат қысқы спорт түрлерін дамыту мен спортшыларды алдағы республикалық жарыстарға дайындауда маңызды кезең болды.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстанда қыс мезгілі қарлы әрі ұзақ болғандықтан, шаңғы жарысына деген қызығушылық өңірде ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...