ШҚО-да жыл соңына дейін халықтың 99 пайызын интернетпен қамту көзделіп отыр

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен әкімдік отырысы өтті. Оған қала, аудан әкімдері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты. Жиында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2025 жылғы қорытындылары және 2026 жылдың І жартыжылдығына арналған міндеттер туралы сөз етілді.
ШҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрсұлтан Маратовтың айтуынша, өнеркәсіптік өндіріс көлемінен басқа әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық негізгі көрсеткіштері бойынша оң серпін байқалып отыр.
— Былтыр облыста жалпы саны 28,7 мың жұмыс орны құрылды. Өңір экономикасына 838,1 млрд теңге инвестиция тартылды. 3-6 жас және 2-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен қамту 100% деңгейінде сақталды. Туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіштері 7,1%-ға, қан айналымы жүйесінің аурулары 3,8%-ға, қант диабеті бойынша 9,6%-ға төмендеді, — деді ол.
2026 жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тежеу жөніндегі іс-шараларды іске асыру, инфрақұрылымдық жобаларды сапалы аяқтау, су тасқынының алдын алу, шалғайдағы елді мекендерді қоса алғанда тұрғындардың кемінде 99%-ын интернетпен қамту сынды маңызды міндеттер тұр.
Сондай-ақ облыс әкімдігінің Цифрлық трансформация картасын, 2026-2030 жылдарға арналған Шығыс Қазақстанның ақылды қалаларын салудың жол картасы мен стратегиясын іске асыру көзделген.
Жиын барысында бірқатар басқарма басшылары да баяндама жасап, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды сөз етті.
— Облыстық әкімдік қаулысының жобасында көрсетілген міндеттер мен тапсырмалардың қалай орындалып жатқаны туралы маған тоқсан сайын ақпарат беріліп отыруы тиіс. Қала, аудан әкімдері 2026 жылға арналған тұрғын үйлерді пайдалануға беруге қатысты жоспарларды толықтай жүзеге асыруы қажет. «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде қарыз алушылардан өтінімдерді жинау және сапалы іріктеу жұмысын жандандыру керек, — деді Нұрымбет Сақтағанов.
Бұдан бөлек, отырыста 2025 жылғы бюджет қаражатының игерілуі туралы ақпарат берілді. Қаржы басқармасының басшысы Светлана Большакованың айтуынша, былтыр 2,9 млрд теңге игерілмеген. ШҚО әкімі өз сөзінде бюджет қаражатының толық игерілмеуіне жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі қаралатынын жеткізді.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...