ШҚО-да қар көшкіні түсірілді

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өңірдегі «Согорное-Барлық» тасжолының 9-17 шақырымы аралығындағы учаскеде қар көшкінін түсіру жұмыстары жүргізілді. Тау бөктерінде жарылыс жасалып, 330 текше метр қар түсірілді. Жолды жауып қалған қар көп ұзамай тазаланды.

— Көшкін қаупі туралы болжам қар қалыңдығы туралы мәліметтер бойынша жасалады. Тексеру жүргізілгеннен кейін «Қазселденқорғау» мекемесінің мамандары жасанды жолмен қар көшкінін жүргізу қажеттілігі туралы шешім қабылдайды. Ал ТЖД қызметкерлері жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, — дейді «Қазселденқорғау» ШҚО филиалының басшысы Ербол Бекпаев.

Айта кетейік, облыс бойынша барлығы 325 қар көшкіні ошағы бар. Онда 93 шақырым автожол, мереке және демалыс күндері 3000-нан астам демалушыны қабылдайтын туристік және шаңғы базалары орналасқан.

Новые статьи

В Астане подвели первые итоги реформы в сфере спорта

В Астане в преддверии Дня спорта проходит конференция «Спорт в Казахстане – от реформ к результатам. Итоги реализации нового Закона о физической культуре и...

Минюст утвердил правила аттестации частных судебных исполнителей

Частные судебные исполнители будут проходить аттестацию один раз в три года с даты предыдущей аттестации. Процедура будет проводиться по утвержденному графику и состоять из...

Құрылтай сайлауына тағы 405 халықаралық байқаушы аккредиттелді

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 23 тамызға белгіленген Құрылтай депутаттарының сайлауына жеті шет мемлекет пен тоғыз халықаралық ұйымнан тағы 405 байқаушыны аккредиттеді. ОСК отырысында...

Некоторые избирательные участки на выборах в Курултай откроются раньше

На заседании Центральной избирательной комиссии Казахстана обсудили организацию голосования на выборах депутатов Курултая, назначенных на 23 августа 2026 года. Основное время голосования по стране установлено...