Шығыс Қазақстанның жолдары цифрландырылып жатыр

Шығыс Қазақстан облысында көлік жолдарына цифрлық паспорттар рәсімделіп, жол жабынының жай-күйіне нақты диагностика жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар елдегі барлық жол туралы ақпаратты біріктіретін e-Joldar бірыңғай деректер базасын іске қосуға дайындық аясында жүзеге асырылып келеді.

Өңір үшін бұл аса маңызды қадам. Осыған дейін жол желісінің жағдайы туралы ұзақ жылдар бойы соңғы деректер пайдаланылмай келген. Көптеген тасжолдардың мүлде паспорты болмады. Ал жолдардың ұзындығы, тозу деңгейі мен ақаулары жөніндегі мәліметтер шынайы жағдаймен жиі сәйкес келмейтін. Енді бұл тәсіл түбегейлі өзгеріп отыр. Әр жолдың өзіне тән цифрлық деректері қалыптастырылмақ.

Қазіргі таңда Шығыс Қазақстанда жалпы ұзындығы 990 шақырымды құрайтын облыстық маңыздағы көлік жолдары бойынша паспортизациялау және диагностикалау жұмыстары ішінара аяқталған. Ақпарат формалды түрде емес, аспаптық өлшеулер мен заманауи цифрлық технологиялар негізінде жинақталып жатыр.

Өңірде жасанды интеллектке негізделген Smart Road Diagnostic System жол жабындысын диагностикалау жүйесі қолданылады. Бұл жүйе жолдағы ақауларды анықтап, тозу деңгейін тіркеп, проблемалы учаскелерді бірден цифрлық картада көрсетеді. Мұның өзі трассалардың тек қазіргі жағдайын ғана емес, олардың ары қарайғы пайдалану мерзімін болжауға да мүмкіндік береді.

– Цифрландыру бізге жолдардың жай-күйін жай ғана көзбен көру үшін емес, нақты әрі өлшенетін деректер алуға жол ашады. Біз проблемалы учаскелерді, тозу деңгейін көріп, тиісті шешімдерді алдын ала қабылдай аламыз. Бұл сапаны бақылау мен жөндеу жұмыстарын жоспарлауды түбегейлі өзгертеді, — деді Жол активтері ұлттық сапа орталығы ШҚО филиалының инженері Дархан Мұратбек.

Жиналған барлық деректер e-Joldar бірыңғай платформасының кіріктіріледі. Бұл жол инфрақұрылымын басқаруға арналған ұлттық цифрлық жүйе. Ол KazToll, ЕРАП және Smart Road Diagnostic System секілді қолданыстағы сервистермен біріктіріліп, ақылы және ақысыз жол учаскелерінің барлығын қамтиды.

Айта кетейік, e-Joldar платформасын іске қосу 2026 жылдың бірінші жартысына жоспарланған.

Новые статьи

ШҚО жастары өңір басшысымен спорт, ЖИ және волонтерлік мәселелерін талқылады

Халықаралық жастар күні Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Жамбыл Жабаев атындағы саябақта өңір жастарымен кездесті. Қатысушылар спорт, волонтерлік, экология, технология, мәдениет, кітап оқу...

В Усть-Каменогорске Lexus снес дорожный знак и вылетел на тротуар

ДТП произошло сегодня вечером на проспекте Абая. За рулем автомобиля Lexus GS300 находился 25-летний водитель. По предварительным данным, водитель не учел метеорологические условия, не справился...

Молодежь ВКО обсудила с главой региона спорт, ИИ и волонтерство

В Международный день молодежи аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов встретился с молодыми жителями региона в парке имени Жамбыла Жабаева. Участники обсудили спорт, волонтерство, экологию,...

Житель Усть-Каменогорска сдал чужую машину на металлолом за 35 тысяч тенге

В Усть-Каменогорске полицейские раскрыли серию преступлений, к которым оказался причастен 25-летний местный житель. Среди выявленных эпизодов – незаконное завладение двумя автомобилями и управление транспортным...