back to top

ШҚО әкімі Глубокое ауданындағы мектеп пен амбулаторияға барды

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов жұмыс сапарымен Глубокое ауданына барды. Белоусовка кентінде былтыр көктемде ашылған №2 мектепті аралап көрді. Білім ордасында 500-ден астам бала бар. Оларға 48 мұғалім сабақ береді.

— Мұнда басқа да «Келешек мектептеріндегідей» жарық сыныптар, спорт залы, акт залы, кітапхана, компьютерлік және хореография кабинеттері бар. Балалардың сапалы әрі жайлы білім алуына қажетті барлық жағдай жасалған, — деді аймақ басшысы.

Содан кейін Нұрымбет Сақтағанов Секисовка ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға барды. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін амбулатория бір ауысымда 25 пациентті қабылдайды. 2024 жылы салынған медициналық мекемеде 3 қызметкер жұмыс істейді. Облыс әкімі ауыл жұртшылығына сапалы медициналық көмек көрсету үшін өңірдің басқа да елді мекендерінде осындай амбулаториялар салудың маңыздылығына тоқталды.

Новые статьи

ШҚО-да наурыз айында ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК облыстық филиалы наурыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады. Көктемнің келуімен ақпан айындағы аяз біршама бәсеңдейді. Синоптиктердің мәліметінше, түнгі ауа температурасы -19–24°С-тан -3–8°С-қа...

Нурымбет Сактаганов: год новых решений и точек роста

За год работы во главе Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов сумел задать региону новый темп. Его можно увидеть не только на совещаниях, но и в...

В Усть-Каменогорске в январе отмечен высокий уровень загрязнения воздуха

В первом месяце текущего года в областном центре в течение 15 дней фиксировались НМУ. Были выявлены превышения ПДК по таким веществам, как сероводород, диоксид...

ШҚО-да ЖШС есепшісі кассадан 10 млн теңгеден астам қаржы жымқырған

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан аудандық сотында ҚР Қылмыстық Кодексінің 189-бабы (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде иелену немесе ысырап ету) бойынша қылмыстық іс қаралды. Белгілі...