ШҚО-да ауруы асқынған науқас ауруханаға тікұшақпен жеткізілді

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Зайсан қаласындағы 58 жастағы ер адамға шұғыл медициналық көмек қажет болған.

— ТЖМ «Қазавиақұтқару» әуе бөлімшесінің ұшқыштары Сергей Пинигин мен Бауыржан Бөтенбаев, санавиация дәрігерлері Лариса Величко мен Айгүл Күдербаева отырған «Ми-8» тікұшағы сол жерге келіп жетті. Олар науқасты Зайсаннан Өскемен қаласына шұғыл жеткізді. Себебі ер адамға мамандандырылған медициналық көмек қажет болған. Ал оны тек облыс орталығындағы дәрігерлер көрсете алады, — делінген ақпаратта.

Экипаждың жоғары кәсібилігі мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді іс-әрекетінің нәтижесінде әуе тасымалы сәтті жүргізілді. Өскеменге жеткізілгеннен кейін пациент медициналық мекеме дәрігерлеріне тапсырылды.

Айта кетейік, ҚР ТЖМ санавиациясының әуе рейстері қашықтықты қысқартып, дер кезінде медициналық көмек көрсетуге және талай адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беріп келеді.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...