Катонқарағайда қар барысы фототұзаққа түсіп қалды

Бұл туралы Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі өкілдері хабарлады. Аршаты орманшылығы аумағында орналасқан фототұзақты орманшы Жомарт Аманбаев орнатқан.
— Осы фототұзаққа бұған дейін де қар барысы кадрға іліккен. Енді тағы бір мәрте түсіп отыр. Қар барысы — Алтайдың асқақ таулары мен тұмса табиғатында мекендейтін, Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек жыртқыш. Оның фототұзаққа жиі түсуі — ұлттық парк аумағында табиғи тепе-теңдіктің сақталып, жануарлар дүниесінің қауіпсіздігін бақылау жұмыстарының нәтижелі жүргізіліп жатқанын көрсетеді. Мұндай бір сәтті кадр — орманшылардың тынымсыз еңбегі мен табиғатты қорғауға деген жанашыр көзқарасының айқын дәлелі, — делінген ақпаратта.
Ұлттық парк қызметкерлері фототұзақтар арқылы жабайы жануарларды бақылау жұмыстарын ары қарай да жалғастырады.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...