Өскеменде қыс басталғалы көктайғақтан 600-ден астам адам зардап шекті

№ 4 қалалық аурухананың жарақат бөліміне 1 желтоқсаннан бері 1030 адам түскен. Оның ішіндегі 638 азамат көшеде көктайғақтан құлап жарақат алғанын айтқан.
Ал Ана мен бала орталығына көктайғақтан зардап шеккен 34 бала қаралды.

— Күн сайын медициналық мекемелерге көктайғақтан зардап шеккен адамдар түседі. Дәрігерлер оларға тиісті ем тағайындап, көмек көрсетіп жатыр. Тұрғындарды көктайғақ кезінде барынша абай болуға шақырамыз. Егер құлап, жарақат алып қалған жағдайда бірден медицина қызметкерлеріне қаралу керек. Әйтпесе жарақат асқынып кетуі мүмкін. Ересектер Серікбаев көшесі, 1 мекенжайындағы № 4 қалалық ауруханаға, ал балалар Қазыбек би даңғылындағы Ана мен бала орталығына қарала алады, — деп хабарлады ШҚО Денсаулық сақтау басқармасынан.

Сондай-ақ халыққа тайғақ емес аяқ киім киюге кеңес берілді.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...