ШҚО-да Жұмысшы мамандықтар жылы қорытындыланып, кәсіпорындар мен колледждер марапатталды

Шығыс Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылын қорытындылауға арналған облыстық форум өтті. Оған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов қатысты.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы еліміз үшін ерекше маңызға ие болды. Бүгінгі форум — бұл жыл қорытындысын шығаратын, нәтижелерді бағалайтын және өңір экономикасының дамуына үлес қосқан мамандардың еңбегін атап өтетін алаң. Жыл бойы осы бағытта облыста айтарлықтай жұмыс жүргізілді. Жаңа мамандықтар ашылып, шеберханалар мен зертханалар кезең-кезеңімен жаңартылып, мемлекеттік білім беру тапсырысы ұлғаюда. Биыл колледждерде оқуға 7 мыңнан астам орын бөлінді, — деді облыс әкімі.

Кадрларды тиімді, сапалы даярлау үшін қажетті жағдайлар жасалып келеді. Оқу орындарына жаңа жабдықтар сатып алуға осы жылы 384 млн теңге және жөндеу жұмыстарын жүргізуге 180 млн теңгеге жуық қаражат бөлінген.

Бүгінде 5 мыңнан астам студент дуалды оқыту жүйесі бойынша өндірістегі нағыз кәсіби мамандардың жанында білім алып жатыр. Бір жыл бұрын колледждерге қамқорлық қолдау көрсететін кәсіпорындар саны 30 болса, қазіргі таңда олардың қатары 200-ден асып отыр.

Шара шеңберінде білікті кадрларды даярлауда, дуальды оқытуды дамытуда және жұмысшы мамандықтарының оң имиджін қалыптастыруда жоғары нәтижелер көрсеткен өңірдің кәсіпорындары мен колледждері марапатталды.

Мәселен, «Жылдың үздік меценаты» номинациясы «Казцинк» ЖШС-ға, «Үздік әлеуметтік серіктес» номинациясы Өскемен титан-магний комбинатына, Үлбі металлургиялық зауытына, Өскемен жылу электр орталығына және тағы бірнеше кәсіпорынға берілді.

Ал «Үздіксіз білім беру серіктесі» номинациясы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіне, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіне және Қазақстан-Американ еркін университетіне табысталды. Сондай-ақ WorldSkills, AgroSkills және Abilympics-2025 республикалық чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Шығыс Қазақстан облысының әкімі атынан бағалы сыйлықтар берілді.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...