Нұрымбет Сақтағанов: Кеше болған жағдай – біздің жемқорлыққа қарсы ұстанымымыздың дәлелі

Бүгін облыстық мәслихаттың жиырма алтыншы сессиясына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты. Өз сөзінде ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл маңызына тоқталды.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «ЗАҢ мен ТӘРТІП – мемлекетіміздің мызғымас тұғыры» деп әрдайым айтып келеді. Бұл – қоғамдағы тұрақтылықтың, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігінің, еліміздің даму бағытының негізі. Осы қағидатты басшылыққа ала отырып, біз сіздермен бірге әрбір бастамамызда заңның үстемдігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға міндеттіміз. Кез келген фактілерді мұқият қарап, құзырлы органдарға жолдайтын боламыз. Кеше болған жағдай – біздің жемқорлыққа қарсы ұстанымымыздың дәлелі, — деді аймақ басшысы.

Еске салсақ, кеше ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметінен кеткені хабарланған. Шнайдер көпіріндегі апаттан кейін аймақ басшысының протоколдық тапсырмасымен құқық қорғау органдарының қатысуымен көлік саласына кешенді тексеріс жүргізілді. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Д.Уахитовтың заңға қайшы әрекеттері анықталған.

Новые статьи

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...

Минздрав Казахстана предлагает изменить расчет показателя материнской смертности для оценки медработников

Министерство здравоохранения Казахстана подготовило поправки в правила поощрения работников организаций здравоохранения, оказывающих медицинские услуги в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи (ГОБМП) и системы...

Иностранным семенам — зеленый свет, своим производителям — дополнительные барьеры: как решать проблемы в АПК региона

Сегодня в Усть-Каменогорске на выездном заседании депутатов Курултая, аграрии подняли ряд неудобных вопросов для Минсельхоза. Особенно жестко о регулировании рынка семян высказался руководитель ТОО...