Шемонаиха қаласындағы екі ықшамауданда су құбыры желілері қайта жаңғыртылды

Бүгін аудан тұрғындарымен кездескен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов халықты сумен жабдықтау жұмыстарының барысын айтып берді.
«Ауданда 34 елді мекеннің 32-сі сумен қамтамасыз етілген. Тұрғындардың суға қолжетімділігі 98,4%-ды құрайды. Биыл Шемонаиха қаласының 11 және 12 ықшамаудандарында су құбыры желілері қайта жаңғыртылды. Березовка және Большая Речка ауылдарында су жүйелерінің құрылысы аяқталуға жақын», — деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ осы жылы жергілікті бюджет есебінен Первомайский кентінде, Барашки ауылында, Шемонаиха қаласында су желілері жөнделді.
Сондай-ақ облыс әкімі халықты интернетпен қамту жайлы да сөз етті. Қазіргі уақытта Шемонаиха жұртшылығының 95,1%-ы астамы интернетке қосылған.
«Екі мыңнан астам адам тұратын 9 елді мекенде байланыстың болмауына немесе сапасыздығына қатысты арыз-шағымдар түсіп жатыр. Большая Речка және Медведка ауылдарында бюджет қаражаты есебінен антенна-мачталық діңгектер құрылысы аяқталды. Қалған ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету 2027 жылға дейін кезең-кезеңімен, «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында байланыс операторларымен бірлесіп жүзеге асырылады», — деді Нұрымбет Сақтағанов.
Аудандағы 6 мектепті жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету мақсатында Starlink орнатылған. Көлік жолдарындағы байланыстың жоқтығы мәселесін шешу үшін биіктігі 60 метрлік антенна-мачталық діңгекті республикалық тасжол бойында орнатуға жобалық құжаттама әзірленуде.

Новые статьи

Землетрясение магнитудой 4,7 зарегистрировали в ВКО

24 августа в Восточно-Казахстанской области зарегистрировали землетрясение. Подземные толчки зафиксированы в 19:31:56 по времени Астаны. По данным ТОО «ННЦСНИ» МЧС РК, эпицентр находился в координатах...

ДИАҚБ бақылаушылары Қазақстандағы сайлау комиссиялары жұмысының кәсібилігіне тәнті болды

Бүгін Астанада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының сайлауды бақылау жөніндегі халықаралық миссиясының баспасөз конференциясы өтті. Шара барысындахалықаралық...

В Риддере 13-летняя девочка погибла после наезда на аркан для лошади

Трагедия произошла в Риддере Восточно-Казахстанской области. 13-летняя девочка, управлявшая мототехникой, получила смертельную травму после наезда на аркан, которым возле жилого дома была привязана лошадь. По...

В ВКО доля молодежи остается одной из самых низких в стране

На начало 2026 года в Казахстане насчитывалось 5,89 млн молодых людей. За год их число выросло на 69,4 тыс., или 1,2%, однако доля молодежи...