Өскеменде Конгресс-холл мен мұз сарайы салынады

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Өскеменде салынатын бірқатар нысанның жобаларымен танысып, жер учаскелерін аралады. Ең әуелі әмбебап спорт аренасы бой көтеретін Сәтбаев даңғылындағы «ЛИК» тұрғын үй кешені аумағына барды.
Төртқабатты ғимараттың бірінші қабатында 5 мың көрермен сыятын шағын футбол аренасы, бассейн, көркем гимнастика залы, дәмхана, медицина орталығы, ал үшінші қабатта баскетбол, волейбол залдары орналасады. Аталған жоба өңірде бұқаралық спортты дамытуға және түрлі жарыстарды жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік бермек.

Содан соң аймақ басшысы Конгресс-холл салынатын Есенберлин даңғылындағы жер учаскесінде болды. Жалпы сыйымдылығы 1500 орындық екі концерттік залы бар жаңа орталық 3 қабаттан тұрмақ. Онда концерттер, форумдар, фестивальдер мен білім саласына қатысты шаралар өткізіледі. Тәуелсіздік монументінің жанында орналасқан жер учаскесінің аумағы — 4 гектар.

Бұдан бөлек, дәл оның қасына 500 орындық Мұз сарайы салынады. Ол тарихы тереңде жатқан шығысқазақстандық хоккейді, коньки спортын, мәнерлеп сырғанауды дамыта түсуге жағдай жасайды.

Нұрымбет Сақтағанов бұл үш ірі жобаның Шығыс Қазақстан облысының орталығында қалыптасып келе жатқан жаңа спорттық-мәдени кеңістіктің негізін құрайтынын атап өтті.

Новые статьи

Пятая юбилейная «белая вечеринка» проходит в Усть-Каменогорске

В амфитеатре областного центра начался пятый городской фестиваль под открытым небом White Party Öskemen. Гостей ждут часы музыки, танцев, конкурсов и выступлений артистов. Главное...

Казахстан привлек семь мировых производителей к локализации сельхозтехники

Костанайский завод AGROMASH расширяет сотрудничество с ведущими мировыми производителями сельскохозяйственной техники. К выпуску машин и компонентов в Казахстане привлечены семь международных компаний: Väderstad, Dewulf,...

В Усть-Каменогорске танковые экипажи провели стрельбы штатными снарядами

В воинской части 27943 Усть-Каменогорского гарнизона прошло очередное занятие по боевой подготовке. Танковые экипажи выполнили практические стрельбы штатными снарядами и отработали действия при выполнении...

Казахстан планирует расширить сеть автономных солнечных зарядных станций для электромобилей

Казахстан рассматривает возможность масштабирования автономных green-tech решений в регионах. Одним из таких проектов стала первая в СНГ полностью автономная солнечная зарядная станция для электромобилей,...