Өскеменде жаңа жылжымалы экологиялық зертхана ауа сапасын бақылайды

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде ауа сапасын бақылауға арналған жаңа жылжымалы экологиялық зертхананың кілтін салтанатты табыстау рәсімі өтті. Оған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов қатысты.

Заманауи жабдықтармен жабдықталған 65,5 млн теңге тұратын зертхананы алуға Halyk Bank қаржылай демеушілік көрсетті. Бұл Өскемендегі атмосфералық ауа мониторингі жүйесін дамытудағы және қала тұрғындарының экологиялық қауіпсіздігін арттырудағы маңызды қадам болып отыр.

— Енді экологтер осы көлікпен қаланың кез келген жеріне тоқтап, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ауадағы зиянды шығарындылар мөлшерін нақты біле алады. Содан соң жинақталған мәліметті кәсіпорындарға, табиғат қорғау прокуратурасына жіберіп, тиісті шараларды қабылдайды. Демеушілік көрсеткен банк басшылығына облыс халқының атынан алғыс білдіремін!, — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Айта кетейік, жылжымалы зертхана Өскемендегі барлық негізгі ластаушы компоненттерді жоғары дәлдіктегі электрохимиялық әдіспен талдайды.

Новые статьи

В ВКО обсудили подготовку кадров для реальной экономики

В Усть-Каменогорске обсудили, как колледжам ВКО готовить специалистов с учетом реальных потребностей экономики региона. На августовском совещании педагогов организаций технического и профессионального образования участники...

Пять школьников из Алматы представят Казахстан на чемпионате FIRST Global Challenge 2026

Пять школьников из Алматы получили право представить Казахстан на мировом чемпионате по робототехнике FIRST Global Challenge 2026. Путевку на международные соревнования они завоевали по...

Усть-Каменогорск на один вечер вернулся в атмосферу 80-х и 90-х

В Усть-Каменогорске проходит традиционная ретро-вечеринка, посвященная Дню города. На один вечер областной центр погрузился в атмосферу 80–90-х годов – с хитами прошлых лет, яркими...

Өскемендегі Согра ЖЭО-ның жылыту маусымына дайындығы 81,3 пайызға жетті

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Өскемендегі Согра жылу электр орталығына барып, оның алдағы жылыту маусымына дайындығын тексерді. Биылғы жөндеу науқаны бекітілген кестеге сәйкес...