Өскеменде 25 жастағы жігіт 9-қабаттан секірмек болды

17 сәуір күні таңғы уақытта Өскемен қаласы Полиция басқармасына тұрғын үйдің 9-қабатындағы балконнан секірмек болған жас жігіт жөнінде хабар түскен.

— Аталған мекенжайға дереу Өскемен қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Қайрат Ташкенбаев пен Ерасыл Мұратханов келді. Бір инспектор көше деңгейінде қауіпсіздік шараларын ұйымдастырса, екіншісі жоғарғы қабатқа көтеріліп, балконның сырт жағында тұрған азаматпен тілдесуге кіріскен, — деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметінен.

Полиция қызметкерінің айтуынша, 25 жастағы азамат ауыр психоэмоционалдық жағдайда болған. Әңгімелесу барысында инспектор оның сенміне кіріп, есірткіге тәуелділігі бар екенін және жалғыздық сезімі мазалайтынын анықтаған. Тәртіп сақшысы азаматқа өмірдің құндылығы, қиындықтарды жеңу жолдары және жаңа бетбұрыс жасау мүмкіндіктері туралы айтқан.

Сөйтіп, азамат өз еркімен балконның қауіпсіз жағына өтіп, кейіннен жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Новые статьи

Прибыль казахстанских банков за семь месяцев снизилась на 14,9 процента

По итогам января–июля 2026 года прибыль банков второго уровня Казахстана составила 1,4 трлн тенге. По сравнению с аналогичным периодом прошлого года показатель снизился на...

В Казахстане потребление рыбы выросло почти на 29 процентов за десять лет

В 2025 году жители Казахстана потребляли в среднем 14,6 кг рыбы и морепродуктов на человека. За год показатель вырос на 2,8%, а по сравнению...

В Астане 3 и 4 октября пройдет сельскохозяйственная ярмарка ВКО

ельхозтоваропроизводители и перерабатывающие предприятия Восточно-Казахстанской области представят свою продукцию жителям и гостям Астаны. Ярмарка пройдет 3 и 4 октября на территории ипподрома по адресу...

ШҚО-да «Шығыс салбурыны – 2026» фестивалі өтеді

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында кезекті «Шығыс салбурыны – 2026» фестивалі ұйымдастырылады. Ұлан ауданы әкімдігінің мәліметінше, 8-11 қазан аралығында Бозанбай ауылында дәстүрлі құсбегілік өнерінен «Шығыс...