ШҚО әкімі жөндеуден өткен «Изумрудный» шипажайына барды

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Глубокое ауданындағы «Изумрудный» шипажайына барып, мұнда жүргізілген жөндеу жұмыстарымен танысты. Таулы Үлбі ауылында орналасқан шипажай өңірдің туристік әлеуетін арттыруға үлес қосып келе жатқан демалыс орындарының бірі. 2000 жылы негізі қаланған нысан бүгінде емделуге, сауықтыруға және табиғат аясында тынығуға мүмкіндік береді.

Шипажайда қонақтардың жайлы демалысы үшін жағдай жасалып, инфрақұрылымы жаңартылды. Осында емдік-сауықтыру процедуралары, массаж, физиотерапия, пантамен, балшықпен емдеу, түрлі ванналар мен басқа да қызметтер ұсынылады. Сонымен қатар белсенді демалысқа арналған спорт алаңдары, бассейн, балалар ойын алаңы және балық аулауға мүмкіндік бар.

Аймақ басшысы шипажайдың жұмысымен танысып, туризм саласын дамытуда осындай кәсіпкерлердің еңбегі маңызды екенін атап өтті.

«Шығыс Қазақстанның туристік әлеуеті зор. Бізде табиғаттың бірегей көрікті жерлері, тау, орман, көлдер мен туристерді қызықтыратын демалыс орындары көп. Осы мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, туристік инфрақұрылымды дамыту — маңызды міндеттердің бірі. Бұл ретте өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, аймақтың дамуына үлес қосып жүрген кәсіпкерлердің орны ерекше. Александр Чиликин сияқты еңбекқор азаматтардың арқасында туризм саласы одан әрі дамып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады деп сенемін», — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Сапар аясында облыс әкімі Александр Чиликинге Президент Жарлығымен берілген «Ерен еңбегі үшін» медалін табыстады.

Айта кетейік, «Изумрудный» шипажайы бүгінде табиғат аясында демалып, денсаулығын нығайтқысы келетін жандарға қызмет көрсетіп келе жатыр. Онда әр түрлі санаттағы 27 нөмір бар. Мұндай нысандардың дамуы Шығыс Қазақстанның туристік тартымдылығын арттыра түседі.

Новые статьи

В Семее мужчину приговорили к пожизненному заключению за убийство новорожденного

В области Абай вынесли приговор по делу об убийстве новорожденного ребенка. Мужчину, который оставил младенца в мусорном контейнере, приговорили к пожизненному лишению свободы. Мать...

На набережной Протозанова в Усть-Каменогорске обследуют основание парапета

На набережной Протозанова проводят техническое обследование основания парапета. К работам привлекли водолазов, которые проверяют подводную часть конструкции. Ранее на отдельных участках для проведения обследования демонтировали...

МВД и «Яндекс Go» будут совместно бороться с наркопреступностью

Министерство внутренних дел Казахстана и сервис «Яндекс Go» подписали меморандум о сотрудничестве в сфере противодействия незаконному обороту наркотиков. Стороны договорились использовать возможности цифровой платформы для...

В Алматы хирурги спасли трехмесячного ребенка с редкой врожденной патологией

В Алматы врачи Детской городской клинической больницы №2 провели сложную операцию трехмесячному ребенку с врожденной диафрагмальной грыжей. Из-за патологии кишечник, селезенка и левая почка...