Өскеменде «Бипек-Авто» компаниясының 8 бұрынғы басшысына қатысты үкім шықты

Айыпталушыларға қатысты іс алаяқтық, салық төлеуден жалтару және ақшаны жылыстату баптары бойынша қаралды. Үш сотталушы — Елена Кузьмина, Игорь Потапов және Ержан Мандиев алаяқтық бабы бойынша ақталды. Алайда Мандиев жекеменшік иесіне мүліктік зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылып, екі жыл сегіз айға бас бостандығынан айырылды.

Алаяқтық пен салық заңын бұзды деп айыпталған Галина Мокина толықтай ақталып шықты. Қалған айыпталушылар — Александр Толстяков, Андрей Рябец, Константин Лобанов және Дмитрий Борзых 2 жарым жылдан 2 жыл 8 айға дейін бас бостандығынан айырылды. Сот барлық сотталушыны 2021 жылдан бастап тергеу изоляторында және үйқамақта болған уақытын есептеп, түрмеден босатты.

Айта кетейік, автокөліктерді құрастыру және сатумен айналысқан «Бипек-Авто – Азия Авто» компаниясы Қазақстан нарығында 1992 жылдан бері жұмыс істеп келді. 2020 жылы ел билігі Өскеменде толық циклді зауыт салу бойынша міндеттемелердің орындалмауына байланысты холдингпен келісімшартты бұзды. Сот шешімімен компания мемлекетке 174 млрд теңгені қайтаруға міндеттелді.

Новые статьи

Президент Касым-Жомарт Токаев принял верительные грамоты послов ряда государств

В Астане во Дворце Независимости состоялась церемония вручения верительных грамот Главе государства чрезвычайными и полномочными послами восьми стран. Верительные грамоты вручили посол Арабской Республики Египет...

Казахстан и Китай займутся цифровыми дорожными технологиями

КаздорНИИ расширяет сотрудничество с Научно-исследовательским институтом автомобильных дорог Министерства транспорта КНР (RIOH). По поручению Министерства транспорта Республики Казахстан представители отечественного института посетили Китай и...

Заболеваемость ОРВИ в Казахстане снизилась в 1,8 раза

С начала сентября в Казахстане зарегистрировано 51 937 случаев ОРВИ. Это в 1,8 раза ниже показателя за аналогичный период прошлого года. Грипп в стране...

Безопасность туристов обсудили на Kazakhstan Travel Forum

В столице стартовал международный Kazakhstan Travel Forum 2026. Главной темой форума стал «Безопасный туризм» – вопрос куда более важный, чем красивые буклеты, удачные кадры...