Қала тұрғындары жел соқпай, ауа сапасының бұзылып тұрғанын айтуда.
— Өкінішке қарай, біз желге тәуелді болып тұрмыз. Жел соқса, көшеде кеңірек тыныстай алар едік. Қолайсыз метеорологиялық жағдай күндері тек үйде отыруға тырысамыз, — дейді Бекзат есімді өскемендік.
Шаһарды түтін басып тұрғанына бүгін 16 күн болды. «Қазгидромет» РМК мәліметіне сүйенсек, 4 наурыз сағат 20.00-ге дейін екінші дәрежелі ҚМЖ сақталады.
Ал ертеңгі болжам әлі жария етілмеді.