Шығыс Қазақстанда үйқамақ тәртібін бұзған ер адам түрмеге қамалды

Шығыс Қазақстан облысында пробация қызметінің бақылауынан жасырынбақ болған азамат бас бостандығынан айырылды. Ол электронды білезігін шешіп, үйінен рұқсатсыз шығып кеткен.

Пробация қызметінің есебінде тұрған ер адам электронды бақылау құрылғысынан құтылмақ болған. Ол аяғындағы электронды білезікті шешіп, сот белгілеген аумақтан өз бетінше шығып кеткен. Алайда оның бұл әрекеті бақылау жүйесінен жасырын қалмады. Электронды құрылғы байланыс үзілгені және белгіленген аумақтан шыққаны туралы дабыл сигналын бірден инспекторларға жіберген.

Пробация қызметінің инспекторы дереу полицияның Жедел басқару орталығына хабар берді. Орталық операторлары қаладағы бейнебақылау камералары арқылы ер адамның қозғалыс бағытын анықтап, жүрген жерін тапқан. Нақты мекенжай инспекторларға беріліп, олар оқиға орнына жедел жетіп, құқық бұзушыны ұстады.

Осы әрекеті сотталған азаматтың бас бостандығынан айырылуына себеп болды. Сот белгілеген шектеулерді өрескел бұзғаны үшін оған қатысты материалдар сотта қаралды. Нәтижесінде сот жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы шешім қабылдады. Кейін ол қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне жеткізілді.

– Цифрлық бақылау пробация қызметінің мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді. Бұл жағдайда жүйеден уақтылы түскен дабыл, Жедел басқару орталығымен бірлескен жұмыс және қызметкерлеріміздің жедел әрекеті құқық бұзушының жүрген жерін анықтап, оны ұстауға мүмкіндік берді. Пробация адамға қоғамнан оқшауланбай түзелуге мүмкіндік береді. Алайда бұл мүмкіндік заңда белгіленген барлық талаптарды сақтауды міндеттейді, – дейді ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ресми өкілі Салтанат Ожиканова.

Новые статьи

ШҚО-да онлайн-казино мен қаржы пирамидаларына қатысты 400-ден астам сайт бұғатталды

Шығыс Қазақстан облысында заңсыз құмар ойындар, қаржы пирамидалары мен күмәнді криптоайырбастау қызметтерін ұсынатын жүздеген интернет-ресурс бұғатталды. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде заңсыз ұтыс ойындарын ұйымдастырушыларға...

Сотрудники ДЧС ВКО провели акцию «Қауіпсіздік әр үйге»

Спасатели ВКО совместно с местными исполнительными органами, полицейскими, волонтерами и специалистами-электриками проводят обходы жилых домов с печным отоплением, осматривают состояние печей, дымоходов и электропроводки....

В Усть-Каменогорске стартовал турнир по тогызкумалаку памяти Сарсена Аманжолова

В областном центре начался IV республиканский турнир по тогызкумалаку среди подростков и ветеранов спорта. Соревнования, посвященные памяти известного тюрколога Сарсена Аманжолова, собрали 134 участника...

На трассе Усть-Каменогорск — Риддер обнаружили человеческие останки

В районе Радуги во время работ на трассе Усть-Каменогорск - Риддер обнаружили скелетированные останки человека. Информацию подтвердили в департаменте полиции Восточно-Казахстанской области. В социальных сетях...