Газдандыру — ШҚО: Тұрақты дамуға бағытталған қадамдар

ШҚО-да газдандыру жұмыстары қарқынды түрде жалғасып, аймақ тұрғындарын орталықтандырылған газбен қамтамасыз ету жұмыстары атқарылуда. Қазіргі уақытта 10 елді мекен, соның ішінде Зайсан қаласы, газға қосылған. Бұл 23 мыңнан астам адамды немесе облыс халқының 3,25%-ын қамтиды. Бұл туралы ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов Өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген брифингте баяндады.

— Газдандыруды кеңейту мақсатында «Сарыбұлақ» кен орнының шектеулі қоры мәселесін шешу маңызды болып отыр. 2019 жылы «Manyraq gas barlau» ЖШС ҚР Энергетика министрлігімен келісімшарт шеңберінде Тарбағатай ауданында геологиялық барлау жұмыстарын бастады. Келісімшарттың әрекет ету мерзімі – 6 жыл. Бірінші барлау ұңғымасы 1064 метр тереңдікте бұрғыланып, көмірсутек қорларын тереңірек зерттеу үшін қосымша ұңғымаларды бұрғылау мүмкіндігі қарастырылуда, — деп атап өтті Нұрлан Рамазанов.

Облысты газдандыруды дамытуда Қазақстан Республикасы Үкіметі мен «Газпром» компаниясы арасындағы келісім маңызды рөл атқарды. Сондай-ақ, аймақтың газдандыру схемасы жаңартылып, қажетті газ көлемі 2,03 млрд м³ деңгейінде анықталды. Қазіргі уақытта Ресейден газ жеткізу мәселесі бойынша ҚР Энергетика министрлігімен келіссөздер жүргізілуде.

Өткен жылы ШҚО-ға 33 838 тонна СМГ бөлінді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 7 298 тоннаға артық. СМГ 22 автогаз құю станциясы арқылы сатылып, 1 литрінің бағасы 84 теңгені құрайды, ал облыс орталығынан 200 км қашықтықтағы елді мекендер үшін баға 89 теңге.

Ай сайын өңірге 3 443,1 тонна газ қажет. Оның ішінде 1 954,4 тоннасы автогаз станцияларына, 206,8 тоннасы өнеркәсіптік кәсіпорындарға, ал 1 281,9 тоннасы үй шаруашылықтарына бағытталады. 2025 жылдың бірінші тоқсанына ШҚО үшін 9 141 тонна СМГ бөлінген.

Новые статьи

В Усть-Каменогорске пройдут Дни культуры Курчумского района

20-21 ноября в Усть-Каменогорске состоятся Дни культуры Курчумского района. В рамках двухдневной программы жителям и гостям города представят историю и культуру района, национальное ремесло,...

Өскеменде Күршім ауданының мәдени күндері өтеді

20-21 қараша күндері Өскемен қаласында Күршім ауданының мәдени күндері ұйымдастырылады. Екі күнге жоспарланған шаралар аясында ауданның тарихы мен мәдениеті, ұлттық қолөнері және жергілікті кәсіпкерлердің...

Шемонаиха ауданыңда учаскелік полиция пункті ашылды

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Разин ауылдық округіне қарасты Красная Шемонаиха ауылында учаскелік полиция пунктінің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы Полиция...

В Шемонаихинском районе открыт участковый пункт полиции

В рамках реализации принципа «Закон и порядок» в селе Красная Шемонаиха Разинского сельского округа состоялось открытие участкового пункта полиции. В мероприятии приняли участие заместитель начальника...