Өскеменде Күршім ауданының мәдени күндері өтеді

20-21 қараша күндері Өскемен қаласында Күршім ауданының мәдени күндері ұйымдастырылады. Екі күнге жоспарланған шаралар аясында ауданның тарихы мен мәдениеті, ұлттық қолөнері және жергілікті кәсіпкерлердің өнімдері таныстырылады.

Жұма күні сағат 17.00-де қала тұрғындары мен қонақтарына арналған көрме және мерекелік концерт өтеді. Көрмеде Күршім ауданының қолөнер шеберлері өз туындыларын ұсынады. Атап айтқанда, «Керей» жеке кәсіпкерлігі ұлттық нақышта қолдан жасалған сырмақ, текемет және жүннен дайындалған өзге де бұйымдарын көпшілік назарына шығармақ. 18.00-де басталатын концертте эстрада жұлдыздары мен аудан өнерпаздары өз өнерлерін паш етеді.

21 қараша күні сағат 08.00-де «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығының аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі басталады. Онда аудан өндірушілері мен кәсіпкерлері тұрғындарға ет, балық, бал, сүт өнімдері, шұжық және жаңа піскен көкөністер ұсынады.

Жәрмеңкеге 2 тонна 800 келі сиыр еті, 3 тонна 500 келі жылқы еті, 1 тонна 200 келі қой еті, 700 келі балық және балық өнімдері, 1 тонна бал жеткізіледі. Сонымен қатар сары май, құрт, сұйық құрт, ірімшік секілді ұлттық тағамдардың 200 келісі саудаға шығарылады. Жыл бойы сұранысқа ие ақтабан, тұқы, көксерке мен шортанның қақталған түрлері балықтың көлемі мен түріне қарай 1 000 теңгеден басталатын бағамен сатылады.

Новые статьи

Шемонаиха ауданыңда учаскелік полиция пункті ашылды

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Разин ауылдық округіне қарасты Красная Шемонаиха ауылында учаскелік полиция пунктінің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы Полиция...

В Шемонаихинском районе открыт участковый пункт полиции

В рамках реализации принципа «Закон и порядок» в селе Красная Шемонаиха Разинского сельского округа состоялось открытие участкового пункта полиции. В мероприятии приняли участие заместитель начальника...

Цифровое образование и инженерные компетенции: кандидаты «Әділет» обсудили будущее школьного обучения с педагогами IT-лицея

Подготовка нового поколения специалистов, развитие инженерного мышления и внедрение цифровых технологий в образовательный процесс стали центральными темами встречи кандидатов в депутаты областного маслихата, выдвинутых...

В ВКО адвокаты подключатся к защите прав предпринимателей

Палата предпринимателей Восточно-Казахстанской области и региональная коллегия адвокатов договорились усилить взаимодействие в вопросах правовой защиты бизнеса. На рабочей встрече стороны обсудили сопровождение сложных обращений...