Өскемендік әйелді бұрынғы жігіті алдап, 10 млн теңге шығынға батырған

27 жастағы қала тұрғыны полиция хабарласқан. Өз сөзінде ол бұрын бірге тұрған жігіті ірі көлемде несие алғызып, қайтармай жүргенін жеткізді.

— Белгілі болғандай, ер адам әуелі түрлі сылтаулармен бірнеше рет ақша сұрап, белгіленген мерзімде қайтаратынын уәде еткен. Алайда қайтарғанның орнына тағы да қарыз сұрай берді. Жәбірленуші сол үшін өз атына бірнеше банктен несие рәсімдеген. Осының салдарынан оған келтірілген жалпы шығын мөлшері 10 млн теңгені құрады, — делінген ШҚО Полиция департаменті таратқан ақпаратта.

Қазіргі таңда алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің бұған дейін де осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталғаны анықталды.

Осы ретте, полицейлер азаматтарға өз қаражатынызды басқаға берген кезде аса сақ болу қажеттігін ескертеді. Тіпті бұл өтінішті жақын адамдарыңыз немесе таныстарыңыз жасаса да. Егер күдікті әрекеттерге тап болсаңыз немесе алаяқтықтың арбауына түссеңіз, дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.

Новые статьи

ТЖМ тікұшағы санитариялық рейс орындады

«Қазавиақұтқару» АҚ авиациясының ұшқыштары Сергей Пинигин, Леонид Калеканов, Айдар Мамырханов және санитариялық авиация дәрігерлері Рүстем Мұқажанов пен Антон Волков 1963 жылы туған науқасты шұғыл...

Вертолет МЧС совершил санитарный рейс

Пилоты «Казавиаспас» Сергей Пинигин, Леонид Калеканов, Айдар Мамырханов и врачи санавиации Рустем Мұқажанов и Антон Волков совершили рейс по маршруту Усть-Каменогорск – Шемонаиха –...

Спасатели МЧС эвакуировали двух женщин с Бухтарминского водохранилища

На пульт 112 поступило сообщение о происшествии на воде в районе Солдатского залива района Алтай Восточно-Казахстанской области. Помощь спасателей потребовалась отдыхающим, оказавшимся в затруднительном...

ТЖМ құтқарушылары Бұқтырма су қоймасынан екі әйелді эвакуациялады

112 пультіне Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының Солдат шығанағы ауданында судағы оқиға туралы хабарлама келіп түсті. Бұқтырма су қоймасында қиын жағдайға тап болған демалушыларға...