Жол апаты бүгін Риддерге кіреберіс жолда болған.
«Риддер-Өскемен» тасжолының 97-ші шақырымында «Газель» және «Toyota Aristo» көліктері соқтығысты. Абырой болғанда, екі жүргізуші де аман қалған.
«Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін бірқатар сараптама тағайындалды. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінен.