back to top

ШҚО-да анадан балаға АИТВ жұқтырудың алдын алу және емдеу деңгейі жоғары көрсеткішке жетті

Осы жылдың 1 шілдесіне қарай ШҚО-да анадан балаға АИТВ инфекциясын жұқтырудың алдын алу көрсеткіші 100%-ды құрады. Бұл халықаралық қалыпты деп белгілеген 95% мақсаттық минимумнан айтарлықтай жоғары. Бұл туралы ШҚО ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының бас дәрігері Салтанат Фатихова ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген баспасөз маслихатында мәлімдеді.

— АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қамқорлық жасау – негізгі басымдықтардың бірі болып табылады. Қазіргі уақытта ем қабылдап жүрген науқастардың 89%-ы вирустық жүктеменің төмендеуіне қол жеткізді. Бұл 90% мақсаттық көрсеткішке жақын. 15-49 жас аралығындағы адамдар арасында АИТВ инфекциясының таралуы 0,85%-ды құрады, бұл жыл соңына дейін жетуді жоспарлаған 1,09% лимитінен төмен. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды антиретровирустық дәрі-дәрмекпен қамту 90%-ға жетті, бұл мақсаттық көрсеткішке толық сәйкес келеді, — деп атап өтті Салтанат Фатихова.

Маңызды жетістіктердің бірі – күніне бір рет қабылданатын біріктірілген дәрілерді енгізу болды. Бұл емдеуді айтарлықтай жеңілдетіп, оның тиімділігін арттырды. Қазіргі уақытта науқастардың шамамен 80%-ы осындай емдеу әдістерін пайдаланып жүр.

Ағымдағы жылы халықты хабардар қылуды арттыру мақсатында 93 алдын алу шарасы өткізілді. Оған 3400-ден астам адам, соның ішінде медицина қызметкерлері қатысты. Өскемен қаласындағы өнеркәсіп кәсіпорындарның жұмысшылары арасында ұйымдастырылған іс-шарларға ерекше назар аударылды. Бұл шараларға шамамен 100 адам тартылды.

Айта кету керек, ШҚО-да АИТВ инфекциясының алдын алу және оны емдеу бойынша тұрақты жұмыстардың нәтижесінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Бұл АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың өмір сүру сапасын жақсартып, инфекцияның таралу қаупін азайтуға ықпал етеді.

Новые статьи

Женщины-военнослужащие МЧС: мужество на службе и забота в семье

Женщины-офицеры в рядах МЧС ежедневно вносят значительный вклад в обеспечение безопасности граждан и поддержание морально-психологического состояния личного состава, сочетая службу с семейными обязанностями.   Старший...

В Казахстане число социальных предпринимателей за год выросло почти в два раза

Министерством утвержден Реестр субъектов социального предпринимательства по состоянию на 31 декабря 2025 года. В него включен 1431 субъект социального предпринимательства, тогда как по итогам...

В Казахстане ускоряют темпы ремонта автомобильных дорог

В Казахстане продолжается масштабная модернизация автомобильных дорог. В ближайшие годы в стране планируют значительно увеличить объёмы дорожных работ и обновить десятки тысяч километров дорожного...

Кредитная история в 40 трлн тенге

Именно такая сумма по кредитам населения и бизнеса в Казахстане. Только за февраль банки выдали новых займов на сумму 2,6 трлн тенге. Такова статистика...