ШҚО-ға ТЖ вице-министрі келіп, қысқа дайындық барысымен танысты

ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында ол Өскеменде орналасқан ҚР ТЖМ екінші құтқару батальонында болып, құтқарушылар мен әскери қызметшілердің қызмет өткеру шарттарымен танысты.

Ол құтқарушылар жұмыс істейтін жабдықтың техникалық жағдайына баға беріп, жеке құраммен сөйлесті. Содан соң вице-министр ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінде жұмыс кеңесін өткізді. Оған Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов қатысты. Кездесу барысында өңірдің азаматтық қорғау қызметтерінің қыс мезгіліне дайындығы, жылыту маусымының өтуіне және сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты негізгі мәселелер талқыланды. Су тасқынының алдын алуға және профилактикалық шараларды уақтылы іске асыруға ерекше назар аударылды.

«Алдын алу шараларын жүргізу төтенше жағдайлардан қорғану деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Біз апатты күтпей, оған тосқауыл болу үшін барлық шараны қабылдауымыз керек. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — басты міндетіміз», — деді вице-министр.

Жұмыс сапары барысында Кеген Тұрсынбаев көктемгі су тасқыны кезеңінде болуы мүмкін төтенше жағдайларға дайындықты бағалау үшін облыстың су басу қаупі бар аудандарына да барады.

Новые статьи

00:00:27

Усть-Каменогорск отпраздновал День города

Областной центр завершил празднование 306-летия большим вечерним концертом. Приуроченная к этой дате программа была рассчитана более чем на четыре часа – на сцене выступили...

В селе Самсоновка открылся новый комьюнити-центр

В селе Самсоновка Усть-Каменогорска открылся новый комьюнити-центр. Бывший магазин на улице Шоссейной, 13 реконструировали под административное здание и дополнили пристройкой. Объект ввели в эксплуатацию...

В Усть-Каменогорске в микрорайоне Ульбинский обустроили новое общественное пространство

В микрорайоне Ульбинский по улице Носикова в Усть-Каменогорске завершены основные работы по благоустройству общественного пространства. Объект посетил аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов. Проект реализовали летом....

В Усть-Каменогорске открылся детский сад на 260 мест

В микрорайоне Нұрлы жол открылся новый детский сад «Family Island-3», рассчитанный на 260 детей. В торжественном открытии дошкольной организации принял участие аким Восточно-Казахстанской области...