Шемонаиха ауданыңда учаскелік полиция пункті ашылды

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Разин ауылдық округіне қарасты Красная Шемонаиха ауылында учаскелік полиция пунктінің ашылу салтанаты өтті.

Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рифхат Тауфиков, Шемонаиха ауданының әкімі Ержан Шурманов, ауданның ішкі істер органдарының ардагерлері, қоғамдық ұйым өкілдері және ауыл тұрғындары қатысты.

Жаңа учаскелік полиция пункті «Белокаменское» ЖШС-нің қолдауымен әлеуметтік әріптестік аясында ашылды.

Аталған пункттің ашылуы тұрғындар үшін құқық қорғау қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға, азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюға және ауылдық округ аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейтуге мүмкіндік береді.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде полицияның жергілікті тұрғындармен, қоғам өкілдерімен және әлеуметтік жауапкершілігі жоғары бизнеспен өзара ынтымақтастығы ерекше маңызға ие.

Аудан тұрғындарының қауіпсіздігін нығайтуға және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған бастамаларды қолдағаны үшін «Белокаменское» ЖШС-не алғыс білдіреміз!

Заң мен тәртіп – баршамызға ортақ жауапкершілік!

Новые статьи

Өскеменде Күршім ауданының мәдени күндері өтеді

20-21 қараша күндері Өскемен қаласында Күршім ауданының мәдени күндері ұйымдастырылады. Екі күнге жоспарланған шаралар аясында ауданның тарихы мен мәдениеті, ұлттық қолөнері және жергілікті кәсіпкерлердің...

В Шемонаихинском районе открыт участковый пункт полиции

В рамках реализации принципа «Закон и порядок» в селе Красная Шемонаиха Разинского сельского округа состоялось открытие участкового пункта полиции. В мероприятии приняли участие заместитель начальника...

Цифровое образование и инженерные компетенции: кандидаты «Әділет» обсудили будущее школьного обучения с педагогами IT-лицея

Подготовка нового поколения специалистов, развитие инженерного мышления и внедрение цифровых технологий в образовательный процесс стали центральными темами встречи кандидатов в депутаты областного маслихата, выдвинутых...

В ВКО адвокаты подключатся к защите прав предпринимателей

Палата предпринимателей Восточно-Казахстанской области и региональная коллегия адвокатов договорились усилить взаимодействие в вопросах правовой защиты бизнеса. На рабочей встрече стороны обсудили сопровождение сложных обращений...