ШҚО-да республикалық маңызы бар жолдың бір бөлігін тас көшкіні басып қалды

Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Катонқарағай-Рахман қайнарлары» тасжолының бір бөлігіне жартастан ірі тастар мен ұсақ жыныстар құлады.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде жылдам тарап, көлік жүргізушілері арасында қызу талқыланды.

Куәгерлердің айтуынша, тас құлаған сәтте жолдың бұл бөлігінде көліктер болмаған. Сондықтан зардап шеккендер мен бүлінген көліктер жоқ.

Дегенмен жүргізушілер жол үстіндегі ірі тас кесектері мен тау жыныстарының сынықтарын айналып өтуге мәжбүр болды.

Осыған байланысты «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының облыстық филиалынан түсініктеме берді. Белгілі болғандай, тас көшкіні жолдың 25-шақырымында күндіз болған.

— Кеше сағат 14:00–де патрульдеу кезінде республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Катонқарағай-Рахман қайнарлары» жолының 25-шақырымында тас көшкіні жүргені анықталды. Қазіргі уақытта көліктердің қауіпсіз әрі үздіксіз қозғалысы қамтамасыз етілді. Оқиға салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр, — делінген ақпаратта.

Қазір арнайы техника жолдың жүру бөлігін тау жыныстарының сынықтарынан тазартты. Алайда мамандар тастардың қайта құлау қаупін болдырмау үшін аумақты бақылауды жалғастырып жатыр.

Новые статьи

На трассе Усть-Каменогорск — Алтай произошел камнепад

На 25-м километре трассы Усть-Каменогорск - Алтай в Восточно-Казахстанской области на проезжую часть обрушились камни. Происшествие случилось накануне около 14:00 во время планового патрулирования...

Казахстан прорабатывает восемь фармацевтических проектов на сумму более 390 млрд тенге

В Казахстане планируют реализовать восемь крупных инвестиционных проектов в фармацевтической отрасли общей стоимостью свыше 390 млрд тенге. Они позволят наладить выпуск около 500 наименований...

Цифровые инструменты помогли выявить более 300 тысяч детей в трудной ситуации

За последние три года с помощью цифровых инструментов в Казахстане выявили более 300 тыс. детей, находившихся в трудной жизненной ситуации или столкнувшихся с нарушением...

Президент Казахстана назначил нового главу КНБ

Касым-Жомарт Токаев освободил Ермека Сагимбаева от должности председателя Комитета национальной безопасности Казахстана. Новым главой КНБ назначен Марат Ирменов. Соответствующий указ подписал президент. Ранее он занимал...