Зайсандағы қорғандарға зақым келтірілуі мүмкіндігі туралы ақпаратқа ШҚО әкімдігінен жауап берді

Зайсан ауданындағы «Шағаноба» археологиялық кешенінің қорғандарына зақым келтірілуі мүмкін екені туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа қатысты ШҚО әкімдігінен жауап берді.
— 2026 жылғы 13 қарашада полиция қызметкерлері оқиға орнына барды. Кешен аумағында қазылған шұңқырларды «SRS» ЖШС-не тиесілі техниканың көмегімен көму жұмыстары жүргізілгені анықталды. Оқиға орнындағы азаматтардың кім екені анықталып, материалдар полицияда тіркелді. Сол күні тарихи-мәдени мұраны қорғау мамандары, археолог, әкімдік және полиция өкілдері аумақты тексерді. Жер қазу іздері фотоға және бейнеге түсіріліп, тиісті акт жасалды, — делінген хабарламада.
Облыс әкімдігінің дерегінше, қар жамылғысы қорғандардың жай-күйі мен ықтимал залал көлемін толық анықтауға мүмкіндік бермейді. 2027 жылдың көктемінде қосымша тексеру жүргізіліп, қажет болған жағдайда авариялық-құтқару археологиялық жұмыстары ұйымдастырылмақ.
— Оқиғаның мән-жайына құқықтық баға беру үшін тексеру материалдарын құқық қорғау органдарына жолдау тапсырылды. Заңбұзушылық анықталса, кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту шаралары қабылданады. Заңсыз қазба жұмыстары мен вандализмнің алдын алу үшін ескерткіштерді бақылау күшейтілуде, — делінген ақпаратта.
Археологиялық мұраны зерттеу мен сақтау жұмыстары Шілікті, Берел, Елеке сазы және Ақбауырда жинақталған тәжірибеге сүйеніп жалғаспақ. «Алтын адам», түркі қағанының бейнесі бар алтын әшекейлер мен ежелгі қоныстар өңір тарихының құнды айғақтары саналады.
— Алдағы жұмыста ескерткіштерді қорғауға, ғылыми зерттеулерді жалғастыруға, жәдігерлерді қалпына келтіріп, жұртшылыққа таныстыруға басымдық беріледі. Жалпы, облыс әкімдігі қорғандардың табиғи қалпы мен тарихи келбетін сақтай отырып, заманауи ашық аспан астындағы музей кешенін құру мүмкіндігін қарастыруда. Мәселе келісу сатысында. Бұл бастама құнды жәдігерлерді жұртшылыққа таныстыруға, ғылыми зерттеулерге жағдай жасауға және өңірдің археологиялық мұрасын келер ұрпаққа тұтас жеткізуге бағытталған, — деп хабарлады әкімдіктен.

Новые статьи

В Зайсанском районе проверяют информацию о возможном повреждении древних курганов

В Зайсанском районе Восточно-Казахстанской области проверяют обстоятельства возможного повреждения курганов археологического комплекса «Шағаноба». После обследования территории специалисты зафиксировали следы земляных работ. Оценить состояние памятников...

Казахстан на два месяца запретил ввоз куриных яиц

С 13 ноября 2026 года в Казахстане действует временный запрет на ввоз свежих куриных яиц всеми видами транспорта. Ограничение распространяется в том числе на...

47 школьников стали победителями и призерами XIX Президентской олимпиады

В Астане подвели итоги XIX Президентской олимпиады по предметам естественно-математического направления. В заключительном этапе приняли участие 188 школьников из всех регионов Казахстана. По итогам...

В Казахстане сахарным диабетом страдают более 575 тысяч человек

В Казахстане зарегистрировано более 575 тыс. человек с сахарным диабетом, из них свыше 30,9 тыс. имеют диабет первого типа. Заболевание остается одной из наиболее...