Марқакөлде 30 мұғалім жетіспейді

Марқакөл ауданындағы мектептерде 30 мұғалім жетіспейді. Алайда тапшылықтың жартысын жоюға қол жеткізілді: ауданға 15 жаңа маман тартылды. Ендігі негізгі міндет – қалған бос орындарды толтыру.

Ол үшін мұғалімдердің ауыл мектептерінде тұрақтап жұмыс істеуіне жағдай жасау қажет. Ең алдымен, ауданға қажетті мамандарды баспанамен қамту керек. «Дипломмен ауылға» және басқа да бағдарламалар бар, алайда берілетін көтерме жәрдемақы үй сатып алуға жетпейді. Сондықтан ауданға қажет мамандардың баспана мәселесін шешу жөнінде ұсыныстар енгізу қажет.

Мәселен, «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында салынған үйлерді ұсынуға немесе үй салу үшін жер телімін бөлуге болады. Облыс әкімдігі барлық ұсынысты қарастыруға дайын.

Нұрымбет Сақтағанов атап өткендей, ауыл мектептерінде барлық пән бойынша мұғалімдер жұмыс істеуі, ал кабинеттер заманауи жабдықтармен қамтылуы тиіс. Өңір басшысы негізгі қағиданың өзгермейтінін айтты: ауылдар мен шалғай елді мекендердегі балалардың сапалы білім алу мүмкіндігі қала оқушыларымен бірдей болуы керек.

Новые статьи

Отсутствие инвесторов сдвигает сроки строительства крупнейшего горнолыжного курорта в ВКО

Речь идёт о проекте «Анатау» в Риддере, который изначально был заявлен как крупнейший горнолыжный курорт в Азии. Проект был анонсирован ещё несколько лет назад. Была...

Өскеменде өрт кезінде 15 адам, оның ішінде екі бала эвакуацияланды

Өскеменде өрт сөндірушілер түтін басқан қауіпті аймақтан 15 адамды, оның ішінде екі баланы эвакуациялады. Өрт Жастар көшесіндегі 10 қабатты тұрғын үйде шыққан. Екінші қабаттағы пәтерде...

В Усть-Каменогорске при пожаре эвакуировали 15 человек, в том числе двоих детей

В Усть-Каменогорске пожарные эвакуировали из опасной зоны задымления 15 человек, в том числе двоих детей. Возгорание произошло в 10-этажном жилом доме на улице Жастар. В...

Марқакөл ауданындағы төрт ауылға 2027 жылдың соңына дейін талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жоспарланып отыр

Марқакөл ауданында төрт ауыл әлі де интернетке қосылмаған. 2027 жылдың соңына дейін осы елді мекендердегі мемлекеттік мекемелерге талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту жоспарланып отыр. Сонымен...